Жұрт қатарлы өмiр сүрiп жатырмыз. Үйiмiз бар, машинамыз бар, кассада ақшамыз бар! Қайтайықшы! Тура бүгiн! Бұдан әрiге төзе алатын емеспiн!
СЫЗҒАНОВ. Ақымақ болма! Осынша әуре боп келiп-келiп орта жолда аяқсыз қалдыра салмақпыз ба?
СЫЗҒАНОВА. Мейлi..
СЫЗҒАНОВ. Қой, сабыр ет! Ендi аз ғана шыдасаң мына үйдi сатамыз.
СЫЗҒАНОВА. Немесе, мен кетейiн, қалғанын өзiң жайғастырарсың.
СЫЗҒАНОВ. Ол үшiн үйдi өз атыңа толық көшiрiп алуың керек. Сонан соң ғана сенiң күйеуiң ретiнде iске араласа аламын.
* * *
Сол көрiнiс. Сызғанов арақ iшiп отыр. Ол қызу. Ауық-ауық әндетiп қояды. Салиха тоқыған шұлықты алып, аяғына киiп алады. Сызғанова кiредi. Ол күйеуiне қарамай диванға сылқ түсiп отыра кетедi.
СЫЗҒАНОВ. Сен осы уаққа шейiн қайда болдың?
СЫЗҒАНОВА (толқып). Үй бүгiннен бастап менiң атымда!
СЫЗҒАНОВ (әйелiнiң қасына кеп арқасынан қағады). Жарайсың! (Билейдi). Мұндай қуанышты атап өтпесек болмас! (Бөтелкенi ашып, екi стаканға арақ құяды. Өзi қағып салып, тағы билейдi. Сызғанова арағын оның бетiне шашып жiбередi).
СЫЗҒАНОВА. Неткен қатыгез адамдар едiк!
СЫЗҒАНОВ (паузадан соң). Тоқтат, жалған ақылгөйсудi! Осы әрекеттi бiз болмасақ бәрiбiр басқа бiреу iстейдi! Бұл үйдi салған сенiң ағаң, ал сен оның қарындасысың. Туған қарындасысың. Мұрагерлiкке сенен басқа адамның қақысы жоқ. Кемпiр… кем-пiр заң жүзiнде мүлде бөтен адам.
СЫЗҒАНОВА. Ал бiз ше? Бiз далада қаңғып жүрмiз бе?
СЫЗҒАНОВ. Ол бұл үйге тiркелмеген. Төренiң оған тастаған мұрагерлiк өсиет қағазы тағы жоқ. Және, бiз оны, соншалықты далаға лақтырып тастағалы отырғамыз жоқ қой. (Сызғанова жылайды). –Тоқтат! (Ендi үнiн жұмсартып). Өзiң ойлашы. Жарайды, ақыл таразысына бағынайық та, бiз кетейiк. Мына үй кiмге қалады? Кемпiр көп болса ендi он жыл, он бес жыл жасар. Сонан соң? Сонан соң бұл үй тектен-тек мемлекет меншiгiне өтедi ғой.
СЫЗҒАНОВА. Өтсiн!
СЫЗҒАНОВ. Сонда, Төреханның артында қалған үйдi мемлекет иемденгенде ол кенет байып кете қоя ма? Байлығы бұрынғыдан да тасып шыға келе ме? Жарайды, бiз дүниеге қызықпайтын адамдар бола қояйық. Ал, мемлекет менен кедей ме? Ол иесi қайтыс болған бiр үйге қарап отыр ма екен?
СЫЗҒАНОВА. Ал, сен ше? Сен осы үйге қарап қалдың ба?
СЫЗҒАНОВ. Жоқ! Бiрақ, бiздiң бұл үйге туыстық қатысымыз бар. Мен де қоғамның мүшесiмiн. Менiң тұрмысым жақсы болса – мемлекеттiң абыройы.
СЫЗҒАНОВА. Осы айтқаныңа сенсек – сенiң алдыңда қоғам абыройсыз емес. Баяғыдан!
СЫЗҒАНОВ. Сен менi ақымақ қыла берме! Мен не көрсем сен де бiрге көрiп келе жатырсың!
СЫЗҒАНОВА (салмақты түрде). Саған сенiм қағаз тастап, қайта берейiншi.
СЫЗҒАНОВ (оған ақырын жақындайды). Арыңды таза сақтап қалғың келедi ғой? Бәрiбiр сен де таза емессiң!
СЫЗҒАНОВА. Төреханның өлгенiн естiген күнi-ақ осы әңгiменi сен бастағансың!
СЫЗҒАНОВ. Мен тек бұл жолғы тiрлiгiңдi айтып отырғаным жоқ!
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24