САЛИХА. Солай деңдер! Солай де!.. Осы кiтапты сiздiң әйелiңiз алып жүрушi едi ғой! Төренiң қарындасы! Бiр анадан ала да туады, құла да туады деген осы екен ғой! Қайда?! Қайда сенiң әйелiң?
СЫЗҒАНОВ. Құдағи… апа! Сiз сабыр етiңiз! Мен сiзбен ресми тiлде сөйлесiп тұрмын.
САЛИХА. О, қайран Төре! Сен кiммен бiрге туғансың? Кiммен бiрге? Мыналардың пасықтығын көрсеткенше мына үйдi өртеп неге кетпедiң? Неге?
СЫЗҒАНОВ. Қария! сiз… сiз олай қалшылдамаңыз! Бұл мәселенi сабырмен шешкенiмiз жөн!
БЕЙТАНЫС. Мен.. мен кетейiн! Кешiрiңiздер!
САЛИХА. Қане, көрсетшi қағазыңды! Ол қандай хабарландыру? Оқышы, не деп жазған екен?
БЕЙТАНЫС (оқиды). «Бау-бақшалы бес бөлмелi үй сатылады. Қора-қопсысы, моншасы бар. Алушылардың есiне. санаулы күнi қалған кәрi кемпiрмен қоса сатылады»…
САЛИХА. Құдай-ау, не дейдi? «Санаулы күнi қалған кемпiр де қоса сатылады» дейдi?!
БЕЙТАНЫС. Мұнда осылай жазылыпты….
САЛИХА (Сызғановқа). Мынаны жазып жүрген сiз бе? Сендейлер де анадан туды ма екен?! Қайран Төре! Қайран Төре!
СЫЗҒАНОВ. Немене! Төре, Төре! Тiрi кезiнде осы үйге сiздi тiркей алмаған адамды неменесiне әулие тұтасыз! (Төреханның портретiн алып еденге лақтырып жiбередi).
СЫЗҒАНОВА. (Басқа бөлмеден атып шығып). Жетер! Жетер осыншама қорлағаның! (Төренiң портретiн жерден көтерiп алады). Кешiр! Кешiр менi, Төре! Мен кiнәлiмiн! Мен кiнәлiмiн бәрiне! (Бейтаныс жүгiрiп кеп, оның иығынан көтерiп тұрғызады).
СЫЗҒАНОВ. Тұр орныңнан! Жый есiңдi!
СЫЗҒАНОВА (орнынан тұрады). Мен есiмнен адасқан жоқпын!.. Сен… сен Төреге тiл тигiзбе!
СЫЗҒАНОВ. Ей, саған не болған? Сен не деп тұрсың?
СЫЗҒАНОВА. Төренi қорлама! Ол екеумiзден де жоғары!
СЫЗҒАНОВ. Оны сен қашан бiлдiң?
СЫЗҒАНОВА. Өмiр бойы бiлiп келгем.
СЫЗҒАНОВ. Өмiр бойы?! Демек, сен менi өмiр бойы алдап келгенсiң ғой?!
СЫЗҒАНОВА. Менiң басқа амалым болмады…
СЫЗҒАНОВ (дiрiлдеп). Қойнымда жатқан әйел екен десем, шұбар жылан екен ғой! Аңқау басым, ертерек неге бiлмегенмiн!.. (Бейтаныс бiлдiрмей шығып кетедi).
САЛИХА. Әй, сендерге не көрiндi? Ұрысатын болсаңдар Орынборда үй жетпей қалды ма? Әйда, сонда барып ұрсыңдар!
СЫЗҒАНОВА. Апа, араласпаңыз! Сiз қазiр бәрiн түсiнесiз!
СЫЗҒАНОВ. Байқа! Менiң абыройымды төгем деп өзiң де масқара боласың? Мен де аянып қалмаймын.
СЫЗҒАНОВА. Сен қиналмай-ақ қой! өзiм-ақ айтам!
САЛИХА. Япыр-ау, сендердiң араларыңда да жiк бар ма?
СЫЗҒАНОВА. Иә! Болғанда қандай! Мына құдаңыз «аянып қалмаймын»,– деп менiң де қылмысымды айтпақ қой. Одан да өзiм айтайын! Осынша шыдағаным жетер!
СЫЗҒАНОВ. Мұны басқа кезде де айта аласың ғой!
СЫЗҒАНОВА. Жоқ! Басқа кезде мүмкiндiк болмайды! Тыңдаңыз, апа! (Кемпiр аң-таң болып, ештеңеге түсiнбей диванның бiр шетiне кеп отырады. Сызғанов ештеңеден қорықпайтын, кiнәсiз адамның кейпiмен креслоға шалқалап, темекi тұтады). Әкемiзге жала жабылған жылы мен он алтыда едiм. Әкем жұмысшы кооперациясының бастығы болатын да, ал, мынау (пистолет
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24