КОМИССИЯ МҮШЕСI (Сызғановқа).Ал, сiздiң айтып тұрғаныңыз не?
СЫЗҒАНОВ. Сiз сөзге сенесiз бе, қолыңыздағы қағазға сенесiз бе?
КОМИССИЯ МҮШЕСI. Әрине… қағазға….
СЫЗҒАНОВ. Ендi басқа не керек? (Комиссия мүшелерiнiң екеуi де иықтарын қозғайды).
САЛИХА. Жоқ! Бұл үй менiкi емес. Бұл үй менiң немеремнiң үйi! Алғашқы кiрпiшiн қалаған кезде Төре солай деген. «Бұл үй сiздiң немерелерiңiздiкi болады»,–деген.
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI (бiрiнен соң бiрi). Бiз қайтайық… Иә, қайтқанымыз жөн болар. (Олар шығып кетедi).
САЛИХА. Үш бала сүйiп, бiр немересiз қалуым әдiлдiк пе? Жоқ, әрине жо-оқ! Менiң немерем бар. (Үйдiң түкпiрiне елiре қарайды). Ол әскерде! Ұзақ жыл жүретiн әскерде. Ол маған көп қып хат жазып жатыр. Жақында келедi, сонда ала келедi. (Сызғановаға қарап). Қап, туылғаны рас деген қағаз керек деп жүр едi, сен оны салған жоқсың ба?
СЫЗҒАНОВА. Жiберемiн, ертең жiберемiн, апа! Сабыр етiңiзшi!
САЛИХА. Жiбер. 1942 жылы 20 декабрьде туған деп жаздыр. Сонан соң ол келедi. Мына үйдiң иесi сол. Төреханның мұрагерi сол! Әне, ол келе жатыр. Далада ит үрiп тұр ма? (Иттiң үргенi естiледі). –Иә-иә! Бұл келе жатқан – сол – немерем! Қазiр есiк қағылады! (Бәрi үрейленiп, тапжылмай есiктiң қағылғанын күтедi. Есiк қағылады) Аш! Аш тез! (Сызғанова жүгiрiп барып есiктi ашады. Үйге баяғы пәтер iздеп келген жас жiгiт пен оның үйленгелi жүрген қалыңдығы кiредi).
ЖIГIТ. Сәләматсыз ба, әже! (Бәрi таң қалып қалады). – Сәләматсың ба, құлыным! Қасыңдағы кiм?
ЖIГIТ. Келiнiңiз әже!
САЛИХА. (қолын жайып оларға жақындай бередi). Мiне, келдi. Менiң немерем келдi! Келшi, жақындашы, бетiңнен сүйейiншi! Ұзақ күттiм ғой! Ұзақ күттiрдiңдер ғой, балапандарым! (Келiп екеуiн де құшақтап сүйедi).
ЖIГIТ. Әже… әже, сiз менi танымай қалдыңыз ба? Мен өткен жолы пәтер iздеп келген жiгiтпiн, есiңiзде ме? (Көңiлдене күлiп). Бұл үйде бұрын болғам десем, мына келiнiңiз сенбейдi. Келгенiм рас қой, әже!
САЛИХА. Қолыңдағы не? Бұл не қағаз? (Жiгiттiң қолынан қағазды алып, қарап шығады). Төренiң өсиетi! Бұл –Төренiң өсиет қағазы ғой! «Менiң мұрагерiме» деп жазылыпты. Сенсiң оның мұрагерi! Сен екенсiң ғой менiң немерем! Ал, бәрiн! Бәрi де… бәрi де сендердiкi!.. (Қолынан қағазы түсiп кетедi. Сызғанова кеп оны сүйемелдейдi. Сызғанов жерге түскен қағазды алып оқиды).
СЫЗҒАНОВ. «Хабарландыру. Жөнi түзу ерлi-зайыпты адамдар болса пәтерге жiберемiн». (Ол түкке түсiнбей иығын қозғайды). Мына дүние не боп кеткен! Жұртта ес жоқ па, әлде, менiң ақылым ауысқан ба? Кету керек! Кету керек бұл жерден! (Түкпiрге қарай қозғала бередi).
ЖIГIТ. Әже, сiз менi… сiз менi шатастырып тұрсыз, әже.
САЛИХА. Сенiң әжең… сенiң әжең қайда? (Жiгiт төмен қарайды).
ҚАЛЫҢДЫҚ. Оның әжесi жоқ. Ол… балалар үйiнде тәрбиеленген.
САЛИХА. Келшi, бетiңнен сүйейiншi! Жапа шеккен әжеңдi сағынып, туылмасаң
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24