РЕКТОРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ

Саған жолығып шықшы деп тапсырма бергеніме жарты ай болды. Күнде ертең, күнде ертең. Сонан соң ұят-аятты жиып қойып, саған өзім телефон соғып отырмын. Шаруа болғанда… бір арзымайтын ғана нәрсе. Ортаншы баламызды білесің ғой. Соның каникулға шығып, үйде қамалып отырғанына ай болды. Мектептері бес-алты күннен соң лагерьге жібереді екен. Қапалға. Иә, Қапалға. Қайтеміз, әкесінің пысықтығынан да. (Пауза). Иә-иә! Бұл тамаша болды ғой. Қашан жүреді екен? Бүрсігүні? Группасында балалар аз ба, көп пе? Дұрыс. Балалары аздау группамен жіберсеңші. Көп бала шуылдап… Иә, жарайды, жол қамына кірісе берейік, ендеше. Ертең өзім кіріп шығармын. Көп-көп рақмет. Жарайды, жұмыстан келген соң айтайын… Ондай шаруаң болса… өзің сөйлескенің дұрыс қой. Несі ыңғайсыз, бар да айтып шық. Жақсы, сау бол! (Трубканы орнына қояды). Саған сәлем айтып жатыр.

РЕКТОР (селқос). Сәләмат болсын.

ӘЙЕЛІ (масаттанып). Міне, он бес күнге созып келген тірлік бес минутта бітті де шықты. Аға, мен болмасам бар ғой, мына балаңыздың қолынан түк те келмейді. (Ректорға бұрылып). Айтпақшы, ол сенде шаруам бар дейді.

РЕКТОР. Біліп тұрмын. Белгілі жай ғой.

ӘЙЕЛІ. Өзі бір аңқылдаған жақсы адам. Көңілін қалдырмасаңшы.

РЕКТОР. Ол менің баламды «Артекке» жібереді, ал мен оның баласын…

ӘЙЕЛІ. Баласы емес, жақын інісі.

РЕКТОР. Мен оның інісін оқуға түсіруім керек.

ӘЙЕЛІ. Түсір деп қинап отырған кім бар? Саған келіп айтуға ұялып жүр екен. Реті келіп тұрса…

РЕКТОР. Болмайды! Сен мұндай іске араласпа!

ӘЙЕЛІ (баласының қолынан ұстап, кетуге ынғайланады). Сен бұл түріңмен дос-жарандарыңның бәрінен жұрдай боласың.

РЕКТОР. Сол үшін айырылысатын достың маған да керегі шамалы.

ӘЙЕЛІ. Ал, мына кісіге не жауап айтасың?

РЕКТОР (үнсіздіктен сон). Аға, сіз ренжімеңіз. Балалар өз беттерінше тапсыра берсін. Үшеуіне де жатақхана алып берейін. Бірақ, оқуға түсірем деп уәде бере алмаймын. Ол қолымнан келмейді.

ӘКЕСІНІҢ ІНІСІ. Қолымнан келмейді?! Сенің қолыңнан келмесе, менің қолымнан келе ме? Бұл қай сөзің?

РЕКТОР. Япырмай, қолымнан келмейді дегенді сіздерге қалай түсіндірсем екен! Институтқа үшеу емес, он, жүз студент қабылдата алам, білдіңіз бе? Бірақ, бұл қылмыс қой, қылмыс екенін біле тұра мен оған неге барамын. Әділетсіздік менен, ректордан басталса, өзге жөнсіздікті кім жолға салады, кім түзейді? Өзімнің арым таза болмаған соң өзгенің кемшілігін қалай түзетпекпін? Сіздер мұны неге түсінбейсіздер, әлде түсінгілерің келмей ме?

ӘКЕСІНІҢ ІНІСІ. Қой, айналайын, оның бәрін маған айғайлап түсіндірмей-ақ қой. Түсіндім. Құдай бет алдыңнан жарылқасын. Қош бол. Інім деп… дөкей деп елге мақтанып біз жүрсек… (Орнынан тұрып есікке беттейді). Қолымнан келмейді дейді ғой. Қолыңнан ештеңе келмейтін болса, ауылға бар да мектепке мұғалім бол. Көр де тұр, саған ыза болғанда бар ғой, осы үш

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27