РЕКТОРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ

баланың үшеуін де Шымкентке апарып оқуға іліндіремін. Қайтсем де іліндіремін! Жақыннан жат жақсы!

РЕКТОР. Түсінер деп едім, түсінбедіңіз. Басқа айтар сөзім жоқ. Әкесінің інісі есіктен шыға береді.

ӘЙЕЛІ. Аға!.. Есік сарт жабылады. Ректор мен Әйелі екеуі үнсіз тұр.

ӘЙЕЛІ. Сенен енді өз туыстарың да күдер үзе бастады.

РЕКТОР. Жақсылық жасасам ғана жақын жүріп, көмегім сарқылғанда сырт айналатын туыстың маған керегі де жоқ. Менің туысқандығым тигізер пайдама қарап бағаланатын болса, туыстық мейірімді де сатып алатын болғаным ғой. Әркім өз басының ғана жайын ойлайды. Тіпті, мына тұрған сен де!

ӘЙЕЛІ. Менің жазығым қанша?

РЕКТОР. Ешқандай да «Артектің» керегі жоқ! Бала өз достарымен бірге кете берсін.

ӘЙЕЛІ. Мынауың… мынауың ұят қой! Ойлашы, мынадай мінезбен тұрғанда адамдармен жай қарым-қатынастан да айрыламыз ғой. Жарайды, сен ешкімге барма, ешкімнен ештеңе өтінбе, қызмет бабыңды пайдаланба, бәрібір әйтеуір бір адамдармен араласуымыз керек емес пе? Бұл – күнделікті өмірдің бұлтартпас талаптары, күйеуім ректор екен деп…

РЕКТОР. Сен маған лекция оқуға келдің бе, осы? Мұның бәрін үйге барған соң айтсаң қайтеді? Сыртта адамдар күтіп отыр. Сенің ауруханаға баруың керек… Ауруханаға барып шыққан соң телефон соғамын. Айтпақшы… (Сумкасын ашып, столға ақша қояды). Түскі тамағыңа… Есік ашылып, ішке баяғы Доцент кіріп келеді. Стол үстіндегі ақшаны көреді. Көзілдірігін түзеп, оларға сүзіле қарайды.

ДОЦЕНТ. Імм… Сәләматсыз ба, жеңгей. Сізді бұл жерден кездестіремін деп кім ойлаған… Сөздеріңізді бөліп жібергеніме ғафу өтінемін. (Ректорға келіп). Сіздің ықыласыңызға орай данышпандықты сақтау жайлы ғажайып мақала жазған студентке «үздік» деген баға қойып келдім. Әлгінде деканатқа кіре беріп едім, бақытыма орай, коридорда кездесе кеткені.

РЕКТОР (паузадан соң). Тағы қандай қуанышты хабар айтасыз?

ДОЦЕНТ. Бұдан басқа қуанышты хабарым болмай тұр. Сонан соңғы бір айтарым, — әрине, ол мынау сияқты аса қуанышты хабар емес, — мен одан деканаттағы дүйім жұрттың көзінше кешірім сұрадым. Басын изеп, шығып кетеді. Ректор коңырауды басады. Секретарь қыз кіреді.

РЕКТОР. Биология кафедрасының профессорлары мен мұғалімдері (сағатына қарап) сағат бірге түгел жиналсын. Қазір барып айтып шығыңыз. Хатшы шығып кетеді.

ӘЙЕЛІ. Әлгі кісінің мәселесін қарайсың ба?

РЕКТОР ңтарылып). Онда сенің шаруаң қанша?

ӘЙЕЛІ (жанашыр үнмен). Байқасаңшы… Жоқ жерден жау көбейтіп жүрерсің. (Шығып кетеді). Телефон шырылдайды.

РЕКТОР. Иә, тыңдап тұрмын. Ә-ә, сәләматсыз ба? Біздің институттың кедей мекеме екенін тағы еске салу үшін телефон соғып отырсыз ба? (Күледі). Оныңыз қате-е. Жер бетіндегі ең бай мекеме — жоғары оқу орны! Әрине, завод-фабрика сияқты біз күнделікті табысты кешке қарай есептей алмаймыз. Біздің өнім — жылдармен есептеледі. Неге олай дейсіз? Сіздердің министрлеріңіздің бірінші орынбасарының өзі біздің институттың түлегі. Ә-ә, солай ма!.. (Кенет даусын

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27