Сізге телефон соқпас бұрын дәл осы ойға тіреліп, сізді ашуландырып алар ма екенмін деп өзіммен-өзім кеп арпалысқанмын. Маған ренжімеңіз, менің бұл ұсынысым сізге жасап отырған жақсылығым емес. Мен сіздің ғалымдығыңызды, ұстаздық қабілетіңізді құрметтеймін. Сондай адамның қасымда болғаны, бірге қызмет еткенін қалаймын. (Оған езу тарта күліп). Сіздің ақылыңыз бізге әлі де қажет, соны түсінсеңіз. Бұл ойыма қалай қарайсыз? Профессор орнынан тұрып, терезе алдына барады. Ректор да түрегеп, әрлі-берлі жүре бастайды.
ПРОФЕССОР. Мен… Москвадан шақырту алдым.
РЕКТОР (қалт тұрып қалады. Сәлден соң барып сөз бастайды). Әрине, Москваның жағдайы бізден әлдеқайда жақсы. Лабораториялары жетілген, мүмкіндіктері мол. Бірақ… біздің институтқа кімнің жаны ашиды? Қашанғы біз басқалардан үлгі аламыз? Осыны ойлайтын кім бар? (Профессор бері бұрылып, бұған қарап тұрып қалады). Әркім өз қамын, өз жағдайын ойлайды. Мәселен, бүгін алдыма талай адам келіп, талай адам кетті. Ішінде тосын да бар, жақын да бар, дос та бар, институт мұғалімдері де бар. Бәрінің айтары бір-ақ сөз. Өз жағдайлары! Көпшілігі солай. Тіпті, бәрі деуге болады. Өзің қызмет етіп жүрген мекеменің мүддесі деген бар емес пе, япыр-ау! «Былай етсек қайтеді?», деп институт қамын ойлап келетіндер неге аз. Бәріне өзің айтып, бәрін де өзің қадағалап жүруің керек. Турасын айтсаң… Телефон безек қағады. Бес-алты рет шырылдап барып тоқтайды.
ПРОФЕССОР. Сөзіңді кілт тоқтатқаныңа қарағанда, аса керекті адамның қоңырауын тосып тұрсың ғой деймін.
РЕКТОР. Жо-жоқ… Тағы да… соғады ғой… Иә… иә…
ПРОФЕССОР. Турасын айтсаң…
РЕКТОР (абыржып күліп). Иә, иә! Турасын айтсаң, туғаныңа жақпайсың. Әділдігіңді әбжілдік деп ұғатындар да жоқ емес. Осындай кездерде өзіңді түсінетін, өзіңді түсінбейтіндерге қарсы бірігіп күресетін адам адамның қасыңда болғанын қалайсың. Профессор екі қолын артына ұстап, әрлі-берлі жүреді. Ректор ойға шомып, одан көз алмай қарап тұр. Есік ақырын ашылып, Секретарь қыз кіреді.
СЕКРЕТАРЬ (әбіржіп). Әйеліңіз екі-үш рет телефон соқты. Ауруханадағы балаңыз қатты қысылып жатыр екен. Барамын деген екенсіз…
РЕКТОР. Ешкім кірмесін дегенім қайда? Есікті жабыңыз! Қыз лып етіп шыға жөнеледі.
ПРОФЕССОР (Ректорға қол созым жақын кеп). Ол не дейді! Балаң қатты қысылып жатыр дейді?!
РЕКТОР. Жо… жай әншейін…
ПРОФЕССОР. Сен оны біле тұрып… Япыр-ау, мейірім дегендерің қайда бұл! Жөнел тез!
РЕКТОР. Дауыстамаңыз. Бұл менің кабинетім екенін ұмытып кеттіңіз бе?
ПРОФЕССОР. Оның есесіне, менің шәкіртім екеніңді ұмытқаным жоқ! Бар, жылдам! (Профессор стол үстіндегі ши қалпағын алып, басына ашулана, асығыс киіп шығуға беттейді).
РЕКТОР. Біз төрт жүз елу мың сомға лаборатория салдырып жатырмыз.
ПРОФЕССОР. Оны қайтпекпін?
РЕКТОР. Биология кафедрасының меңгерушісі, әрі институт ғылыми советінің председателі оған барып штангамен шұғылданбайтын шығар.
ПРОФЕССОР. Енді елу мың сомға алып бассейн салдырсаң, суға жүзуден чемпион атанып,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27