ТРУБКАДАҒЫ ДАУЫС (күліп). Сен бала сияқты ойлауды қашан қоясың? ГорОНО-ның бастығының інісіне төрт сабақтан да үздік баға қойдырыпсың. Оның саған барғанда айтқан сөзі түгел келтірілген. Бір студентке екі қойғаны үшін институт доцентінің арын қорлап, оған қатаң сөгіс бергенсің. Бұларға не дәлел айтпақсың? Фактіге фактіні қарсы қою керек. Ал, ол сенде жоқ. Мұнда жазылғандардың бәрі шындыққа сай кеп тұр.
РЕКТОР. Мейлі. Бара көрерміз…
ТРУБКАДАҒЫ ДАУЫС. Ертең кеш болады.
РЕКТОР. Кеш болмас. Айтармын.
ТРУБКАДАҒЫ ДАУЫС. Сен қыңыр мінезіңді қой. Қай кезде ақиқаттың өзін дәлелдеу қиынға соғады білдің бе? Егер қаласаң мен бүгін алдын ала бір жолдастарға телефон соғып қояйын.
РЕКТОР. Керегі жоқ.
ТРУБКАДАҒЫ ДАУЫС. Тағы айтамын, қиын кезде достық көмегімді ұсынып отырмын.
РЕКТОР. Оныңа рақмет. Бірақ, әуре болма.
ТРУБКАДАҒЫ ДАУЫС. Бір қолдаушың жоқ, істің немен бітерін білесің бе?
РЕКТОР. Қолдаушым бар.
ТРУБКАДАҒЫ ДАУЬІС. Қойшы-ей, ол кім?!
РЕКТОР. Әділдік. Ондағылар да ақ, қараны ажырататын шығар.
ТРУБКАДАҒЫ ДАУЫС (күледі). Жарайды. Сау бол, ендеше!
РЕКТОР. Сау бол! Ректор трубканы қоймай, ойға шомып қалады. Телефонньщ тик-тик деген үні естіліп тұр. Трубканы ақырын қояды да, қағаздарды жиыстырып, орнынан тұрады.
РЕКТОР (қызға). Ал, қайтайық. Көп кешігіп қалдық-ау деймін. (Сағатына қарайды). У-у, он бір бопты ғой.
СЕКРЕТАРЬ ҚЫЗ. Ертеңгі талқылауға дейін он бір сағат бар.
РЕКТОР (қызға күле қарап). Сен әлі сол жөнінде ойлап отырсың ба? Қорықпа. Біздің досымыз — әділдік. Ал, әділдік ешқашан опасыздық жасамайды. Кеттік пе?
СЕКРЕТАРЬ ҚЫЗ. Кеттік… Ректор торшерді өшіреді. Жарық сөнеді.
Соңы
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27