РЕКТОРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ

Бұдан жиырма, отыз жыл бұрын жазылған сарғайған лекциялар бүгінгі өскелең ғылымның, талапты студенттің талғамына жауап бере алмайды.

РЕКТОР. Профессор Камалиевті сол үшін ғана шеттеттім деп ойлайсың ба?

2-РЕКТОР (иығын қозғап). Енді қалай?

РЕКТОР (сәл ғана пауза). Менің өз басым ғылыми дәрежем бола тұра, оның лекциясын тыңдауға қазір де дайынмын. Профессор Камалиев сарғайған қағаз бен сары езу сөздің адамы емес.

2-РЕКТОР (сәл аңтарылып). Іһм, с-солай де! Демек, сен менің шешіміме қарсысың ғой?

РЕКТОР. Иә.

2-РЕКТОР. Бәлкім, оны өз институтыңа шақырарсың, биология кафедрасының меңгерушісінің орны бос тұр ғой.

РЕКТОР (алақанына жұдырығын соғып, ерсілі-қарсылы біраз жүреді). Сен бір беткей кеткенсің. Ғылыми атақтарының бәрін былай қойғанда, Камалиев нағыз ұстаз еді ғой. Ол сөйлегенде аудиторияда сексен студент отыру керек болса, сырттан келіп, тыңдаушылармен жүзден асушы еді. Әлі де солай. Сондай адамдарды шеттетіп институтты жоғары білімді мамандар даярлауда алдыңғы қатарға шығарамын дегенге шүбә келтіріп тұрмын.

2-РЕКТОР (терезенің алдына кеп, сыртқа қарап тұрады). Грибо-едов. «Ақыл-дың а-за-бы!» (Күліп, бері бұрылады). Қарап тұрсаң, жер астындағы ақыл атаулының бәрі қазір жердің бетіне шыққан сияқты. Жұрттың бәрі ақылды, бәрі данышпан. Міне, екеуміз де бір-бірімізге ақыл айтып, босқа азап шегіп тұрмыз. Әрқайсымызда өз басымызға жетерлік ақыл бар, құдайға шүкір, білімсіз де емеспіз. Қызметіміздің ішкі мәселесіне сұғынып, екеуміз тектен-текке іш араз болмайық, ондайлар онсыз да жетіп жатыр ғой. Қайта, қолымыздан келсе бір-бірімізге сүйеу боп, бір-бірімізді рухани қолдап отырайық. Мен мұны ректор ретінде емес, ғалым ретінде, дос ретінде айтып тұрмын.

РЕКТОР. Бұл сөзіңе әбден қосыламын. Бірақ, менде мынадай бір ой бар. Егер халық санасында «азамат», «азаматтық» деген ұғым болса, сол ұғымға біздің шындап мән беретін кезіміз келген сияқты. Елдің бүгіні мен ертеңін, халықтың қамын біз ойламасақ, осы отырған екеуміз ойламасақ не болғаны? Әрине, жұртты ойламайсың деп сені кінәлап отырғаным жоқ, әркімнің өз ойы, өз тәсілі бар, сол күрес, тәсіл, әрекет атаулының ең түбінде тауға тұнған қақтай мөп-мөлдір еліңе деген сүйіспеншілік жатуы қажет. Пендешілікке салынып, кей-кейде азаматтық, адамдық парыз дегенді естен шығарып ала береміз. Халыққа қызмет етемін деп Толағай сияқты тау көтеріп әкелу шарт емес шығар, бірақ қолымыздан келгенді аянбасақ болғаны ғой. Бүгінгі студент — өмірдің ертеңгі тірегі. Біз кетеміз, біздің міндетіміз соларға жүктеледі. Егер олар бүлдіріп жатса — біздің сүйегімізге таңба, егер олар әділдікті ту ғып ұстап, абыройға кенелсе — азаматтық парызымыздың өтелгені. Институтты инкубаторға айналдырмау керек. Оны бітірген жастар тек программа бойынша білім алып, өз саласының маманы ғана болып қалуы әлі аз. Институт адамгершілік пен азаматтықты да қалыптастырып шығаруы керек. Ал, мұның бәрі мұғалімдер құрамына тікелей байланысты.

2-РЕКТОР. Жер дүниені ақыл қаптап келеді, ақыл! Цицеронның «Кәрілік, достық.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27