Дулат Исабеков

2015 жылдың 23-26 сәуірде Лондон қаласында «Қазақ мәдениетінің күндері» деген атпен өткен фестивальде Д.Исабековтің ағылшын тіліндегі «Біз соғысты көрген жоқпыз» повесті «We never know the war…» деген атпен жарық көріп, 23-сәуірде тұсауы кесілді. 2016 жылы Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан 4 томдық шығармалар жинағы көрді.

2017 жылдың 1-7 қазан аралығында Лондон қаласында жазушының 75 жылдық мерейтойына орай «Қазақ өнерінің фестивалі» деген атпен театр фестивалі ұйымдастырылды. Бұған мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры, Республикалық мемлекеттік Кәріс музыкалық комедия («Жаужүрек», «Актриса») қатысты. Pajarito театры Д.Исабековтің «Аққу-Жібек» пьесасын ағылшын тілінде сахналады. Жазушы Лордтар палатасының қабылдауында боп, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени байланысты нығайтқаны үшін және 75 жасқа толған мерейтойды осындай үлкен іс-шарамен атап өткендері үшін алғыс білдіріп, сөз сөйледі. Фестиваль аясында Д.Исабековтің ағылшын тіліндегі «Аққу-Жібек» (Song of the swans / Sekection of plays. Аударған – Катарина Жудельсон) пьесалар жинағы мен Short Stories: Dedicated to the 25th Anniversary of Kazakhstan Independence атты электронды нұсқадағы кітабының тұсау кесері өтті.

2018 жылы «Қарғын» романы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында француз тіліне аударылса, «Ержеткенше» повесті «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиеті антологиясыны БҰҰ-ның 6 тіліне аударылып, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының қолдауымен жарық көрді.

2020 жылы Швецияның астанасы Стокгольм қаласында швед тілінде «Аптапты күн, үскірік жел, дүрбірлі дала» («Полящее солнце, ледяной ветер, живая степь») деген атпен тұңғыш рет шығармалар жинағы «Gun Förlag» баспасынан жарық көріп отыр.

Аталмыш жинақ Орталық Еуразиялық және түркі тілдері авторларының кітаптарын шығарушы Hertfordshire Press (Ұлыбритания) баспасының ұсынысы бойынша қолға алынып, Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен жарыққа шықты.

Жазушының шығармаларын тәржімалаған белгілі шведтік аудармашы Бенгт Самуэльсон. Б. Самуэльсон бұған дейін қазақтың классик жазушысы Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романын, Ш.Айтматовтың барлық шығармаларын аударған және В.Маяковский, М.Булгаков, Ф.Достоевский, Ю.Тынянов, Д.Хармс, А.Аверченко, А.Солженицын, О.Мандельштам, Б.Пастернак сынды классик жазушыларды да шығармаларын швед тілінде сөйлеткен болатын.

Жинаққа жазушының «Гаухар тас», «Молчун», «Мы не знали воины», «Полынь», «Транзитный пассажир» сынды көптеген таныман повестері мен «Каблан», «Конфронтация», «Страж покоя» сынды әңгімелері еніп отыр.

Жинақ көпшілік оқырманға арналған.

Pages: 1 2 3

Leave a Reply