2020 жылы Жазушы Рахметолла Райымқұловтың «Түйелі адам» повесінің сарыны бойынша Дулат ИСАБЕКОВ «Мақшар түнгі махаббат» мистикалық драмасын жазып шықты.
Д.Исабековтің «Аптапты күн, үскірік жел, дүрбірлі дала» атты жинағының Стокгольмдегі тұсау кесері 2021 жылдың мамыр айында өтті.
Қайсар, ажарлы да ақылды, батыр да батыл, бір басында драмасы мен трагедиясы жетіп-артылатын қайсар қазақ әйелі, Шыңғыс-ханның жұбайы Бөрте жайлы «Бөрте» атты тарихи драмасы 2020 жылы жазылып бітті. Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген Түркістан музыкалық драма театрының ашылуы 9-10 қазанда Д.Исабековтің «Бөрте» пьесасының сахналанды. «Бөрте» спектаклін қоюға белгілі италиялық режиссер Давиде Ливерморе (Davide Livermore) шығармашылық тобы¬мен бірге шақырылды.
«Бөрте» тарихи драмасы алыс-жақын шетелдер сахналарында да сахналану жоспарлануда.
Жазушы 2022 жылы «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденімен марапатталды.
2022 жылдың 13-17 қазан айында, Алматы қаласында II халықаралық «ИСАБЕКОВ ӘЛЕМІ» атты театр фестивалі өтті. Бұл фестивальға алыс-жақын шетелдерден үш театр: Эрзурум театры (Түркия Республикасы) «Өкпек жолаушы», И. Мачабели атындағы Цхинвали кәсіби мемлекеттік драма театры (Грузия) «Актриса» спектаклімен және Мельбурн театры (Австралия) «Бөрте», Қазақстаннан үш театр: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры «Жүз жылдық махаббат», Мемлекеттік Құдыс Құжамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры «Мұрагерлер» және Түркістан музыкалық драма театры «Бөрте» спектакльдерімен қатысып, бақтарын сынады.
Бұл күнде шығармашылық шеберлігінің шыңында тұрған драматург кейінгі ұрпақты тәрбиелеу ісіне де ат салысып келе жатқан тұлға.