«ОГОНЕК» ЖУРНАЛЫНЫҢ 17-САНЫ

шай бар ма екен? — деді ол қытымырланып. Әйелі жауап қатпады. Күйеуі жаңағы сөзін сол қалпында, сол екпінде тағы қайталады. — Проводникте ыстық шай бар ма екен? — Бар-р, ба-ар, — деді Перизат тістене сыбырлап. – Бір стакан әкеп бере ғойшы, шекем шағып бара жатыр. — Құлдық, тақсыр-р! — Ол стаканды алып, көзінің жасын жолай сүртіп шығып кетті. «Огонек» журналының «табынушысының» саусақтары жеңіс салтанатын паш етіп, шағын столды бір қалыпты тықылдата жөнелді. Таңдап жүріп күләбі қауынның қолым көтерген біреуін алып қайтып келсем, купеде кимешек киген, аласа бойлы қара кемпір мен жеті-сегіз жастардағы бала отыр екен. Табысудың алғашқы сәті өтіп, ыстық қуаныштар томыртқаланып қалған болуы керек, үшеуі күнделікті тіршілік әңгімесіне ойысыпты. Кемпір шыт белбеуінің ұшымен жасын сүртіп қойып: «Қалай, амансыңдар ма, әйтеуір», — деді күрсініп. «Аманбыз, аманбыз — деді, кемпір кіріп келгеннен автоматты түрде күйеу балаға айналған орта жасар кісі, шашы сирек басын шұлғып қойып. — О-о, мынау, — деді енді көргендей балага бұрылып, — мынау әлгі… кім… Та… Таңат қой. Дәу жігіт екен ғой өзі. Кел, менің қасыма кел. — Ол баланы қарсылық көрсетіп бұртиғанына қарамастан қолынан тартып қасына отырғызды. — Мен саған қазір журнал беремін. Суретін көресің. — «Күйеу бала» «Огонектің» дәл өзі оқып жатқан бетін ашып, солдаттар мен танкілерді көрсетті. — Көрдің бе, немістер қашып бара жатыр. Біздің әскерлер атып келеді. Та-та-та, тра-та-та!.. Міне, бомба жарылды. Бу-ух-х! — Ол бомбаның жарылғанын көрсетпек боп құлашын екі жаққа сермеп кеп қалып еді, оң қолын үстіңгі полканың таяныш теміріне оңдырмай соғып алды да: «ту, шорт, — деді ызаланып. — Ал, енді өзің көре ғой. Өзің көре бер… түуһ, шорт возьми!..» Бір минуттай өткен соң қолының ауырғаны басылып, ол кемпірге қарады. — Қалай? Жақсы жеттіңіз бе? — Иә, бір бәле ғып жеттік, әйтеуір. Еңгілістен күнде қатынап тұратын жалғыз аптауыз бар еді, со құрымағырдың қасақана бүгін сынып қалмасы бар ма. Май таситын бір мәшине Шиеліге шығып… шопыр бала алмаймын, млиса ұстап алады деп, әйтеуір, жалынып-жалпайып жүріп түске қарай әрең жеттік. — Түу-у, түстен бері күтіп отырсыздар ма? — деді қызы езу тартып. — Е, күттік қой. Отырдық, тұрдық, мына бала тамақ ішеміз деген соң сталабайына бардық. Сөйтіп-сөйтіп, уақыт деген өтті ғой. Айтпақшы, өздеріңнің кішкентайларың бар емес пе еді, оларың қайда? — Ол круглый суткада, – деді күйеу баласы алғашқы кезде жайдары мінез танытып қалмақ болғандай сөзге тағы араласып. — Ойбай, онысы несі тағы? — Детсадтан аптасына бір-ақ рет аламыз. «Сіздер алып тұрыңыздар» деп көршілерге тапсырып кеткенбіз. — Ойбуй, шырағым-ай, көзі жәутеңдеп!.. Маған-ақ әкеп

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10