АҚЫРАМАШТАН НАУРЫЗҒА ДЕЙІН

ораулы сөз алып жатқандай біраз кібіртіктеп қалды. Жәшіктен көзін тайдырып, үйдің төбесіне қараған кезде аузынан ойламаған жерден: «Не салды екен», — деген сөз шығып кетті. «А, не дедім?» — деді ол немересінің алдында тағы да ыңғайсыз жайға түскенін бұл жолы амалсыз мойындап, — жазып қойғансың ба? — Өзіңіз ғой, аузымнан не шықса, соның бәрін жаза бер деген… — Өшір! Осы иттің баласы-ақ өлтіретін болды-ау адамды,— деді ол сонау Киевтегі баласын кінәлап. — Әй, Панзаркүл, нағып сенің тірлігің бітпей қойды, алып кет ана жәшікті,— деді ол дәлізде күйбендеп жүрген жазықсыз кемпірін жазғырып. Шалының ашулы екенін үйге кірген бойда-ақ байқап, бұлар отырған жерден іргесін аулақ сап жүрген кемпірі жәшікті іліп алды да, лып етіп ізінше қайта шығып кетті. — Иә, не дедік? — «Аман-есен жүрсің бе, иттің күшігі?» дедік. Шал немересінің қағазға қарамай-ақ, не жазғанын тақылдатып айтып бергеннен оның ішінде наразылық туғанын аңғарды да, бұл істі соза бергісі келмей. «Жаз!» — деді енді тоқталмаймын дегендей жөткірініп қойып. — Сен жүр, Киіпте ойнап-күліп. Қыдыр, ән сал, биле. Мен жүрейін бұл жақта күйіп-пісіп. Осы, сен өзің шынымен оқып жүрсің бе, бізді алдап жүрсің бе? Неғып бітпейтін оқу ол? Қапланбектің текнікүміне түс деп құдайдың зарын қылғанымда адам айдаса бармайтын жердің түбіне қаштың да кеттің. Айырпыланың бар болғыр-ау, осында арба айдап, қасымда жүргенің дұрыс еді ғой. Ана Құрал көп болса сенен жеті-сегіз-ақ жас үлкен, Қапланбекті шала-шарпы бітіріп-ақ бір ауылды ұстап тұр. Адамды осындай кезде жетімсіретіп… Көрінгеннен сөз естіртіп… Немересі атасының сөз айта алмай жұтынып қалғанын көріп: «Ата, сізді біреу ренжітті ме?» — деді шын жанашырлық үнмен. — Жоқ, ә! Ары қарай жаз. — Ол бұрынғысынан бетер ызаланып, өршелене түсті. — Сен келгенше біз де бір жақты болатын шығармыз. Мені соттағалы жатыр, иә соттағалы. Немересі жазуын кілт тоқтатып, атасының бетіне қарады да, оның шынымен қапаланып отырғанын көріп: «Ата-а-а!» — деп мойнынан құшақтай алды. Кемпірбай алыстағы баласына ашуланамын деп тереңдеңкіреп кеткенін аңғарса да сыр білдірмей: — Тәйт әрі! — деді оны қолымен қағып. — Не мені жау алып барады дейсің бе? «Аташылын» бұлардың! Көрермін өскеннен кейін сені де, Киіп-Сиіп деп қаңғып кетерсің өз бетіңмен. Немересі жыламсырап орнына қайта отырды. — Болды, — деді Кемпірбай күтпеген жерден шолақ қайырып. — Поселкеңді алдық дей сал! Біттің бе? — Иә… — Немересі мұрнын тартты. — Бітсең, Отардың жәшігіне апарып салып кел! Немересі конвертке адресті ұзақ жазды. Атасының қасынан кеткісі келмеді. Тіпті, он күн бойы асыға күткен посылканың да енді қызығы қалмаған сияқты. Ерте наурыздан қара күзге дейінгі жұмыс қалжыратып, он шақты

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12