«ТАЛАХАН-186»

рас еді. Қазіргі еріккен жұрт сөз қылмас үшін ол түнде-түнде комбайн паркінің орнындағы ашық алаңға барып бір-екі рет мылтық атып қойып жүрген. Пікән үйінде жатып-ақ сырттағы жұрттың пыш-пыш сөзін еститін. Бірақ дәл мұндай төтесінен келген ашық соққыны ойда жоқта, қарғыс атқыр помидор өсіп тұрған апан басында алармын деп әсте ойламаған еді. Кез келген келесі сөз өз пайдасына шешілмейтінін іштей түсінген ол үнсіз қалды. «Салауаттылық қоғамының» председателі, завклуб Нәметай басқа тақырыпта жаңа сөз бастағанда иығынан диірмен түскендей жеңіл күрсініп қойды. — Мұның сорты қандай екен өзі? — деді ол өзгелерден гөрі пайымдылық танытып. Сол сол-ақ екен, әркім помидор сорты жөнінде тұс-тұстан өз білгенін айтып жамырай жөнелді. — Астрахандық, — деді біреуі. — Жоқ «егіз жүрек», — деді екіншісі. — Қайдағы «өгіз жүрек?» Қытай сорты емес пе, — деді үшінші адам. — Қытай сорты кеседей емес түймедей болар еді ғой, бұл самарқандық, — деп Пікән қайта тірілді. — Қайдағы самарқандық? Ондай сорт болушы ма еді? — деп звеновод қатты ренжіп қалды. — Меніңше, бұл қандалалық. Күтпеген бейтаныс елдің атын естіген жұрт не дерін білмей тосылып қалды. — Самарқандық деген сорт болмаса, Қандалалық деген де сорт жоқ шығар, — деп Пікән енді дауға араласа бастады. — Неге болмайды? Мына тұрған Самарқан помидор еккенде Қандала екпейді дейсің бе? Бұл соз жоқ Қандалалық. Жиылған топтың арасында қызмет бабынан келгенде звеноводтан биік лауазым жоқ еді, сондықтан бұл пікір толық қабылдана бастады. Бірақ бәрінің ойында: «Қандала» деген қандай ел?» деген заңды сұрақ аэропорт тұманындай айықпай тұрып алған еді. — Кешіріңіз… Қандала дегенді естімедік, — деді Жаппархан Ипатшаға жасқана қарап. Осы кезде физкультура мұғалімі жандарынан өте берді. 6 «б» класында бүгін қатарынан екі сағат бойы денешынықтыру сабағы. Мұғалім Әбдеш балалардың ортасына футбол добын тастады да, «екі сағат бойы осылай ойнай беріңдер» деп жас әйелінің жанына жетуге асыққан. «Қандала» деген елдің қайда екенін айтып бере алмаған соң, звеновод білместігін ашумен жабуға тырысып дауыс көтере бастады. — Немене, сен естімеген екен деп Қандала деген ел жердің астына түсіп кетуі керек пе? Олар физкультура мұғалімін шақырып алды. — Қандала?.. — деді ол дөңгеленіп тұрған жұртқа қарап. — Ондай ел жоқ. — Бар! — деді звеновод физкультура мұғаліміне жақтырмай қарап. Оның даусының сенімді шыққаны сонша, мұндай үзілді-кесілді пікірден соң Қандала деген ел жоқ болса да пайда болуға тиіс еді. — Сіз бар десеңіз амал қанша, байғұс Қандала деген ел болмаса да болады да, — деді мұғалім аса ізеттілікпен сыпайы жымиып. Звеновод дүйім жұрттың алдында бір ғана жалақымен отырған қайдағы бір физкультура мұғалімінен

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9