ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ АРМАН

өзім екі қолымды төбеме қойып айдалаға қаңғып кетем. — Біз де сөйтеміз! — Біз де! Залдан он шақты адам бөлініп шығып сыртқа беттеді. «Қайран ел-ай! — деді Мәулен ақсақал күрсініп. — Атақоныстарын тастап бет-бетімен тарап кетер ме екен?» Жұрт бастық сайлау әлегімен дүрлігіп жатқанда, ауыл сыртындағы дәрі-дәрмек төгетін алаңға айырпылан кеп қонды. Одан жеті-сегіз адам түсіп, клубқа қарай аяңдады. Сөйтіп, ауыл сыртына айырпылан қонған сәттен бастап «Қоянды» колхозының мүлдем жаңа өмірі басталды. Облыс басшылары Оңтүстік Кореямен шарт жасасып, бұл колхозды оларға отыз жылға арендаға беретін боп келісіпті. Түскен табыстың қырық проценті колхозға, алпыс проценті Кореяға кетеді. Алдын ала есеп бойынша, сол қырық проценттің өзі колхоздың ең дүрілдеп тұрған кезіндегі бесжылдық табысымен тең екен. Бесжылдық табысты «Қояндылықтар» қарап жатып бір жылда табатын болса, олардың жұмыс істеп не жындары бар? Тек, бастық боп сайланып кетуіне екі-ақ сағат қалды деп үміттеніп отырған Желдібай, облыстың бірінші басшысы кеп жиналысты таратып жібергенде, залдан шықпай жападан-жалғыз ұзақ отырып қалды. Көп ұзамай бұған да көндікті. Бәлкім, қазір өзі де күлетін шығар? Қалай болғанда да енді олардың отыз жыл бойы бейғам өмір сүруіне болады. «Коммунизм!» Жүз жылдық арман аспаннан салбырап өзі түсті. 1990.  

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11