ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ АРМАН

деген андыздап жүр. Соның бір-екеуін атып алдық. — Қалталы қасқыр? — деп экономист Шыдан қайталап сұрады. — Ол онда болмаушы еді ғой. — Неге болмасын, болмаса менің көзіме шайтан елестеген жоқ шығар. — Иә, сонымен, әлгі көріпкелге жолықтыңыз ба, соны айтшы, — деді бастық. — Жоқ. «Ондай адам бұл жақта тұрмайды, ол алыста, әуре болмаңыз» деп жібермей қойды. — Әй, осы сіз қайда барып келдіңіз өзі? — деді Шыдан Азнабайға күдіктене қарап. — Қайда барушы ем, әлгі қағаздағы адреске дағы. — Менімше сіз Австрияға емес, Австралияға барғансыз. Әлгі қалталы қасқырларыңыз сонда. — Қой, өйтіп құдай ұрып па? — Ұрса да, ұрмаса да солай. Шетелде шекара ашық, Австрияға баратын самолет деп Австралияға өтіп кеткенсіз. — Қой… олай емес шығар, — деп Азнабай да абдырай бастады. — Өй, берекесіз, — деді Мәулен ақсақал қолын сілтеп. — Осыны шетелге жіберіп жүрген біз ақымақ. Жіберген жаққа бармай басқа жаққа барып қайтыпты ғой. — Ойпырмау, көшеде кетіп бара жатып: «Бұл Австрия ма, Австралия ма?» деп бір сұрамағаның ба? — деді насыбайшы шал Рамаш ашуға мініп. — Тоқтай тұрсаңдаршы, ар жағын айтайын да, — деді Азнабай да дауыс көтеріп. — Әлгі адресті әлгі жігіт алды да екі күн жоқ болып кетті. «Үйде отыра беріңіз, өзім тындырып» келем деді. Сонан соң оған жолыққанда не айтатынын әбден түсіндірдім. Көріпкелге жолығу қиынға соғыпты. Есігінің алды топырлаған адам дейді. Көпшілігі кеңес өкіметінен барғандар екен. Бәрі ертең не боларын болжап беруін өтінетін көрінеді. Ол жігіттің әңгімесін тыңдап болыпты да, міне, мына қағазды жазып беріпті. Оны аудартып та алдым. — Ойбай бағанадан бері соны айтпайсыз ба? — деп бастық оның қолындағы бір парақ қағазды жұлып алды. Онда бір-ақ ауыз сөз жазылыпты: «Жұмыс істеу керек». Азнабайды қоршаған жұрт ауыздарын ашып отырып қалды. Әлден соң барып бастық орнынан тұрды. — Сонау жердің түбіне барып алып келген ақылың осы ма? — деді ол ашудан жарыла жаздап. — Сізде де ми жоқ, сізді жіберген бізде де ми жоқ, әлгі Глобада да ми жоқ! — Ол осыны айтты да есікті сарт жауып шығып кетті. Шет елдерден де жөні түзу жауап ала алмаған облыс басшылары мен аудан басшыларының ақырғы үміті үзіліп, мойынға масыл боп мінген мына колхоздан құтылудың жолын қарастыра бастады. Он ойланып, жүз толғанып кеп ақыры олар бір шешімге келді-ау! «Қоянды» колхозы облыс бойынша өзін-өзі басқаратын тұңғыш «ерікті экономикалық аймақ» деп жарияланды. Сөйтіп, колхоз ауданнан «енші» алып, өз күнін өзі көретін боп шықты. Елу бес жыл бойы жоғары жақтың нұсқауынсыз ас ішіп, бата қылып үйренбеген ауыл тұрғындары

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11