ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ АРМАН

қарсы қол көтергендерге тиді. Клуб іші араның ұясындай гулеп, жиналысты басқару мүмкін болмай кетті. «Оңбаған», «жымысқы», «жауыз», «сүмелек» деген сөздер тұс-тұстан жамырап қоя берді. Кеңірдегі кетпен саптай арық біреу орнынан атып тұрып: «…шпионы!» деп айғай салды. Құлақ тұндырған айғай-шудың арасынан оларды қай елдің шпионы деп атағанын ешкім аңғара алмады. Қарсы болғандар мен қалыс қалғандар да қарап қалмай, әуелгіде ортаға шығып міңгірлеп көріп еді, айқұлақтанып алған жұрт олардың аузын аштырмай мінбеден қуып түсірді. «Не бетімен сөйлеп тұр!», «О, жүзіқара!», «Ауыздарына құм құю керек!» Қарсы болған жақтың қайсарлау біреуі жұртты бетпақтырмай сөзін жалғастыра беріп еді, клубтың әр түкпірінен оған қарай қауынның қалдығы, жүгерінің собығы, шала желінген помидор мен піскен асқабақтың қабығы зуылдап кеп қоя берді. Шешен тек қайсар ғана емес, әбжіл де екен, зуылдап төніп келген бәле-бәтәрлардың бір де бірін бойына дарытпай, бірде бұғып қалып, кейде жалтарып кетіп, тағы біраз сөйлеп үлгерді. Алдыңғы қатардан өзіне таныс баяғы боқтықтың төрт-бесеуін тағы естіді. Қанша шыдамды болғанмен бұл да ет пен сүйектен жаралған адам ғой, боқтап отырғандардың ішінде шалдардың да барын және оларды әйелдер де қостап отырғанын көріп біраз мүдіріп тұрды да, ұят-аят пен парламенттік мәдениетке бір түкіріп: — Өздеріңнің де шешелеріңді… — деп жас-кәрі, еркек-әйелден тұратын клубтағы бүкіл контингентті топтап бір-ақ боқтап шықты. Естімей қалғандары болса түгел естісін деп микрофонды аузына тақап, бар дауысымен, әр әріпін ежіктеп тұрып тағы боқтады. Сөйтті де түсіп жүре берді. Ұлардай шулап жатқан жұрт сілтідей тынды. Ол күйген қыштай күреңітіп, есікке беттеп бара жатқанда тары тастасаң жерге түспестей тар клубтағы иінтірескен көпшілік оған қалай қақ жарылып жол бергендерін өздері де аңғармай қалды. Ол шығып кеткен соң барып «парламент» есін жиды. — Мынау мені де боқтады-ау деймін, — деді «шатақ шал» мәселенің байыбына енді барғандай насыбайшы шалға қарап. — Немене, сен әулие ме едің! Сен түгілі мен де кеттім. — Ал, сен кім едің сонша! Ақсақ Темір ме ең, әлде Әзірет Сұлтан ба ең? — Екеуі де. — «Бір жеріне қарамай көк қарға әулиенің басына қонады» деген. Дәмесінің зорын! Одан да насыбайыңды езіп тыныш жүре берсеңші. «Насыбайыңды» деген сөзді шатақ шал әдейі нықтап айтып еді, анау шарт ете қалды. — Көк қарғаң не, а? «Бір жеріне қарамай» дегенің қай жер? Ана жері ме? — Ол анықтай түскісі келгендей сұқ саусағымен шатақ шалдың төменгі жағын көрсетті. — Дәл таптың! — деді ол басын шұлғып. — О, бейауыз! Сені де пайғамбар жасынан асты дейді-ау! Садаға кет сен пайғамбардан. Елді бұзатын, жастарды бұзатын мына сен сияқты бәдік шалдар, білдің бе? Аузың толған бейпіл

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11