МӘҢГІЛІК ҚАҒИДА

күліп кірген соң өзгелер де жадырап сала берген. — Күнім-ау, не болды? — деп кешкі ыстық қауметтің қамымен күйбеңдеп жүрген Биғаным оның алдынан жүгіре шықты. — Міне! — ол қолтығына қысқан буманы анасына ұстатты. — Бұл не? — Пальто. Қыстық пальто! — Қыстық пальто?! — Оны қайдан алдың, кім берді? — Бірге оқитын балалар. Кластас достары жиналып, оған қыстық пальто сатып алып беріпті. Сол сәтте олар қуанды. Сол түні Биғаным үнсіз жылады. Анасының жылап жатқанын және оның жылау себебінің түпкі төркінін енді ғана түсінген Зүбайра да көз жасына ерік берген-ді. Сөйтіп, екі әйел, дүниеге шыр етіп келгенде бақыт пен жақсылықты ғана дәметіп келген екі әйел алдарынан тағы кездескен қорлық пен езгіге шыдай алмай тағы жылады. Бұрын Биғаным жалғыз жылаушы еді, енді оған серік боп қызы қосылды. Осындай кезде Андас тез есейіп, тіпті, бір түннің ішінде жігіт боп, ертесіне әлдеқайдан буда-буда ақша әкеліп үй ішін жоқшылық құрсауынан суырып алғысы келетін. Қырсық қылғанда тырысып уақыт та тез өтпей қойды, Бір күнінен бір күні ауыр сүреңсіз өмір ілбіп жалғаса берді. Ол түнді жақсы көретін. Көзін жұмып алып сан түрлі тәтті қиялдарға шому қандай рахат! Ол тау-тасты аралап жүріп алтын көмбеге де кезігеді, немесе мың лотерея алып, оның бәрі де ұтып шықса екен деп қиялдайды, енді бірде ерекше дарыны ашылып, дүниені шулатқан не жазушы, не әнші болғысы келеді. Анасы мен әпкесін, өмірі балмұздаққа тоймайтын екі інісін байлыққа кенелтіп, дүниедегі ең бақытты, ең бай адамдардың қатарына қоссам-ау деп армандайды. Амал не, ұйқы мәңгі емес, ол ғажайып түсін төсекте қалдырып, тағы да бір тиынсыз мектебіне кетеді. Марат екеуі мектептен қайтып келе жатыр еді. Алдарынан масаңдау бір жігіт бұлғақтап шыға келді де қарсы қарап тұра қалды. — О… оқып жа-жатырмыз ба? — деді ол ықылық ата сөйлеп. Бұлар қорыққандарынан жауап қата алмады. — Оқып жатырмыз ба? — деймін деп ол қайтадан ақырды. — Иә… — О…. оқыңдар.., а-ақымақтар… м-мен де оқығам. Түк шықпады. Үй-үйде… мы-мынадай екі дип-лом жатыр. — Ол дипломының көлемін көрсетіп құлашын керіп қойды. — Жатсын! Ж-жата берсін! Ал мен… мен ша-шашлық сатып кеттім. Пайда шаш-е-етектен. Не-нешінші кластасыңдар? — Б-бес… — Бесінші? Фу-у, боқ… боқмұрын екенсіңдер ғой. Же-жетінші класқа ба-барғанда ма-маған келің-дер. Б-бір жылда … ма-машина ал… аласыңдар. Ке-келесіңдер ме? — Иә… — С-солай болсын, б-боқмұрындар! Жігіт қалтасынан сіріңке шығарып темекісін тұтатып алды да, тәлтіректей басып жүріп кетгі. Бүркіттің шеңгелінен құтылған көжектей мас жігіт ұзаған соң барып екеуі әзер есін жиды. Әлгі жерден сәл ұзаған соң Марат: — Адидас, — деді сыбырлап. Кластағылар Андасты Адидас

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8