СОЦИАЛИЗМ ЗӘУЛІМІ

Мәскеуде қандай қаулы қабылданбасын алдымен Алматыға жететін әдеті. Совет үкіметі орнаған күннен бастап съездер мен толып жатқан пленумдардың шешімі Россияның мыңдаған деревнялары мен басқа республикалардың үстінен төрт мың шақырым еш жерге аялдамай аман-есен ұшып өтіп, ең әуелі дәл осы жерде жүзеге асып жатады. Әлгі деревнялар мен республикалар орталықтың шешімін енді естігенде қазақстандықтар оған баяғыда-ақ бел шешіп кірісіп кеткен боп шығады. Істі кім бұрын бастаса, әдетте сол бұрын бітіреді ғой, сондықтан әлгі деревнялар мен республикалардың біреуі енді кірісіп, енді біреулері ойласып отырғанда Қазақстан орталыққа ол шешімнің орындалып біткені жайлы рапорт беріп, келесі қаулының кез-келгеніне кірісіп кету үшін алақанын ысқылап дайын отырады. Сондай кезекті саяси науқанның бірі — қала мен ауылдың арасындағы айырмашылықты жою еді. Орталықтан шыққан нұсқаудың Алматыдан облыстарға, облыстан аудандарға, ауданнан ауылдарға жетуі мұң екен, өкімет пен партияның аузынан шыққанын екі етпей орындап үйренген жергілікті басшылар көзді жұмып, белді буып кірісті де кетті. «Ауыл мен қаланың арасындағы айырмашылықты қалай жою керек? Жалпы, қала мен ауылдың арасында қандай айырмашылық бар және ол айырмашылықты тез арада жоюды іс жүзіне қалай асыру керек?» Міне, Қазақстанның көптеген ауыл басшылары ең әуелі осы мәселе жөнінде жиналыс өткізіп, көзі ашық, жөн біледі деген активтердің пікірін біліп алды. Басқа жерде бұл мәселелерді кім қалай шешкені белгісіз, «Коммунизм» колхозының «Социализм» бөлімшесінде қала мен ауылдың арасындағы ең басты айырмашылық — негізінен көп қабатты үйлерге байланысты деген байламға келді. «Қаланы қала қып тұрған не?». Ол – көп қабатты үйлер. Ауылды ауыл етіп тұрған ше?» Ол –мыжырайған жаман тамдар. Сол жаман тамдарды бұзып, орнына көп қабатты үй салсақ қала мен ауылдың арасындағы негізгі айырмашылық жойылады, –деді осы бөлімшенің меңгерушісі Пашат Барақатов. — Сөйтіп, ауылдық жерде де зәулім үй бой көтереді, ол өзіміздің небоскреб, яғни «Социализм» зәулімі болады». Пашат — бөлімшедегі ғана емес, бүкіл колхоз бойынша беделді адам. Жұрттың айтуынша, ол бір кездері Москвадағы Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясына түсіп кетуге аз-ақ қалған. Күнделікті саясаттан жақсы хабары бар, газет оқиды, тіпті, көркем әдебиеттен де шет қалмайды. Алдыңғы жылы осы ауылдың кітап дүкенінен Эрнест Хэмингуэйдің «Қош бол, қару» деген романын сатып алған. Бұл қай елдің жазушысы екенін білмек былай тұрсын кейбіреулер оның атын ежіктеп оқи алмай тұрғанда бұл келіп: «О, Хемингөй» түсіпті ғой деп жұрттың бәрінің аузын аңқитып кеткен. Колхоз басшылары мен жалпы жиналыс Пашаттың ұсынысын негізге алып, әуелі эксперимент ретінде «Социализм» бөлімшесінен көп қабатты үйлер салуға қаулы қабылдады. Жиналыс үстінде бөлімше прорабы Сепентайға облыс орталығына барып, салынатын үйдің жобасын табуға, құрылысшылар іздестіруге, оған кететін қаржының орташа есебін шығаруға тапсырма берілді. Сепентай: «Бұл жұмыстың

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13