СОЦИАЛИЗМ ЗӘУЛІМІ

салып қой сойып, ішек-қарнын туалетке тазалап, қоқыстың бәрін унитазға тастағансыңдар. Коммунистік жатақхананың тәртібін өрескел бұзғандарың үшін бәріңе штраф салу керек. — Сонда, біз немене, үйге кірмей жатып штраф төлеуіміз керек пе? — деді Мелдеш шал көзін сығырайтып — Тапқан екенсіңдер ақымақты, алдымен сендерді жауапқа тарту керек, мына сендерді! — Кенет ол бесінші қабаттың балконынан шашы ебей-себей боп төмен қараған он екі-он үш жасар қызға айғай салды, — Ей, ана әңгүдік әкеңе айтшы, туалетке отырмасын, суын жібермесін. Немене, елітіп қалғансыңдар ма, есіктеріңді балталасаң да ашатын түрлерің жоқ! — Ләм демеген бойы қыз үйіне кіріп кетті. Ұзақ дау-жанжалдан соң олар үйді-үйді аралап шықты. Бәрі дұрыс сияқты. Ауданнан комиссия шақырылатын болды. Комиссия келіп кеткенше ешкім әжетханаға кірмейтін, ваннаға су ағызбайтын, ас үйдің кранын ашпайтын боп келісілді. Комиссия бір жетіден соң келді. Олар көп аялдаған жоқ. Қорытындыны бірден шығарды. Сөйтіп, «Социализм» бөлімшесі әлемдік үй құрылысы тәжірибесінде дүниежүзілік сенсация жасапты: ауыл мен қала айырмашылығы ажалына деп бой көтерген екі зәулім үйдің астынан канализация жүргізу ешкімнің ойына келмепті. — Бәсе, неге бес айда біте қалды деп едім!.. — деп колхоз бастығы комиссия алдында қандай сылтау айтарын білмей Пашат пен Сепентайға шүйліге сөйледі. — Ал, түрмеге дайындала беріңдер. Басқа амал жоқ. — Кетсек бәріміз кетеміз ғой, — деді Пашат осы сөзінен бір жұбаныш тапқандай бәріне мойынсұнған үнмен. Бұл ерекше оқиға ауданға жетті. Жиналыс, бюро, сөгіс. Бірақ, сөгістен үй тұрғыза алмайсың, канализация онымен тағы салынбайды. Аудан басшылары ұзақ ақылдаса келе, «канализация салу жұмысына кірісу керек» деп шешті. Бұл оқиға бүкіл дүниеге тарап кетпей тұрғанда аудандағы ең жарамды техника «Социализм» бөлімшесіне бір-ақ түнде төгіліп, ертеңнен бастап құрылысқа кірісу керек деп шешілді. Айдаладан аумағы ат шаптырым қазан шұқыр қазылды, одан тереңдігі бір жарым метр ұзын шұқыр басталып, «Социализм» зәуліміне қарай жол шекті. Бұл екі арада екі үйдің тұрғындары тозақтағыдай ғұмыр кешіп жатты. Кейбіреулері өздерінің байырғы үйлеріне көшіп, кейбіреулері қатал тәртіпке көндігіп, астарын далада ішіп, бар мұқтаждарын далада бітіріп, үйлеріне тек ұйықтауға ғана келіп жүрді. Мелдеш ақсақалдың немересі үйленетін боп, жаңа үйді күтіп жүрген еді, аяқ астынан соның тойы болатын болды. Тоқтай тұр дегенге немересі көнбей қойды. Бұлар тойға дайындалып жатқанда оның көршісі Жаппарханның аяқ астынан қайын енесі қайтыс болып, бұл үй алғашқы азаны бастан кешірді. Бірақ, қазаға келген адамдар «бауырымдап» той боп жатқан үйге, тойға келген адамдар әндетіп азалы үйге кіріп барып ерекше бір келеңсіз оқиғалар болды. Бұрын кең жайға үйренген ауыл адамдары енді жоқтан өзгеге тырысып, болмашыға ұрысып-таласып, бір-бірімен араласпайтын болды. Канал қазу әуелгіде қарқынды басталып еді, кенет баяулап

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13