қалды. Екі жарым ай дегенде труба тартылып, екі зәулім үйдің асты кеулене бастады. Инженерлік есеп дұрыс болмады ма, әлде, бұл жердің топырағы бос па, астын кеулей бастағанда екі үйдің екеуі де бір-біріне қарай қисая бастады. Жұмысты кілт тоқтатып, мұндағы тұрғындарды шұғыл шығаруға тура келді. Жайлы үйге көштім деп кейбір алып ұшпалар бұрынғы жаман тамдарын бұзып тастаған еді, енді олар уақытша палаткаға көшіп жатты. Тып-тыныш жатқан ел азан-қазан болды. Енді не істеу керек деп аудан басшылары қайтадан мәжіліс шақырды. Астық ору науқанының қазіргідей қызып жатқан кезінде жұрт жұмысты ойламақ түгілі әркім бас қамымен әлек боп кетті.