СЫР БОЙЫНДА (новелла)

— Қайдан білейін ол жағын. Өзінен-өзі долданып, баласын ұрып, үйдің апшысын бір уыс қылды әйтеуір. Бірдеңе деуге оқталып тұрдым да, түнеукүнгідей бетімнен алып, тілін тигізер деп үн қатпадым. — Үн қатпадым деп ақталасың, сенде де бір бәле бар ғой. Екеуің неге ұрыса бересіңдер осы? Сен жақсы болып тұрсаң, ол неге жаман болсын! — Мен не істеппін оған, — деді жеңешем, дауысын көтеріңкіреп. — Жазығым: «Жамал, Жамал» — деп жалпылдағаным ба? Долданатын түгі де жоқ, Сүгірдің бәтеңкесін Сәлимаш киіп жүр екен, несі бар-ау деймін оның да, сонсоң ойнап жүрген жерінен барып шырылдатып шешіп алды. Ол байғұс ебіл-себіл боп жылап, үйге жалаңаяқ келді. — Неғыл дейсің жалаңаяқ келсе, маған десе неге өліп қалмайды! Сен сол үшін ұрыстың ба онымен? «Неге өліп қалмайды!» Қандай қатты айтылған сөз, — дедім мен ішімнен. Өз перзентіне осылай айтады. Сонда кім үшін? Әзірге кетіп қалғанымен, түбінде қайтып оралатын Жамалды Шолпанның ренжіткені үшін бе? Сонда, біздің татулығымыздың Нұржан үшін қаншалықты қымбат болғаны? Ал, мен ше, мен осылай дей алар ма едім?..» — Нұржан-ау, онымен ұрысқан кім бар? Тегі үндеген жоқпын. Бір кезде баласына: «Жауында не бар далаға шығып, жүр үйге», деп ішке төмпештеп кіргізді. Сүгір шырқырап жылап жүр. Шыдай алмай: «Жамал ау, оның не, ол байғұс не жазып еді?» — деп едім, бетімнен ала жөнелді: — Бала менікі, ұрсам өз баламды ұрдым, жұрттың не ісі бар менімен. Күнде бүйтіп ұрысып өткізген өмірі құрысын, кетемін бұл үйден, — деп көгере түсті. Мен не дейін «кететін ешнәрсе де болған жоқ, келін, орынсыз жерде айқай шығарып, майға құмалақ тастап қайтесің?» — дедім де үйге кіріп кеттім. — Қашан келемін деді? — Айтқан жоқ. Ерке бала жауда қалып бара жатқандай, тамақ істеп, бастырып кетті. Өстіп бөлектенгеніне ішім әлі ашып отыр. Осыдан соң Нұржанның ләм деместен ауыр күрсінгенін естідім де, денем мұздап сала берді. Ол төркініне кеткен! Қалайша, тым болмаса маған да айтпай ма? Шолпанмен ол неге ұрысты, баласын неге ұрды? Ең соңында маған тамақ дайындап кеткені несі, мен далада қалып бара жатқан жоқпын ғой! Осындай шым-шытырық сұрақтар басымды шырмап алды да, бірде-біріне жауап таба алмай дал болдым. Есіме осыдан бес-алты күн бұрынғы Жамалдың мен келгенде тамақты үйге әкеліп бергені түсе кетті. «Мұның қалай?» — деген сұрағыма: «Шаршап келдің ғой, осынан-ақ іше сал», – деп еді. Демек, ол сол күні тамақты бөлек жасаған екен ғой! Әттең сонда білсемші, қазанымен төңкеріп тастар едім! Қарсыдағы үйден Нұржанның ерсілі-қарсылы жүргені, сіреңке шағып темекі тұтатқаны естіліп тұр. Оның не істерге білмей күйініп, толқып жүргенін сездім де, ағамды

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14