СЫР БОЙЫНДА (новелла)

болсаң болғаны», – деп амалы таусылған әйелдерге тән қасиетпен қайта құшақтап, біраз жылар да басылар деп едім. Бірақ бәрі де менің ойлағанымдай болып шықпады. Ол жылады, күлді, еркеледі де назданды. Төсегіме қайта жатқызып тыныштандырды. Сонан соң, дүниеде мен үшін сенен асқан жан жоқ дей отырып, ол жеңгеммен бұрыннан да ұрысып жүргендігін, тамақ істей алмайсың деп табалаған соң, бірнеше рет әдейі қазан асқандығын, ең соңында «сен менің мырзағама тең емессің, оның басқан ізінен садаға кет», — деген соң ашуға тығылып, төркініне кетіп қалғандығын ұзақ етіп айтып берді де: «Біз бәрібір бөлек тұрғанмен ағаңмен дәл бұрынғыдай қатынасып тұрамыз, жұрттың бәрі де бір үйде қамалып отырған жоқ қой. Ағайынмен алыстан сыйласқан абзал. Бұл менің тек қана достығым. Ал, бұған мүлдем көнбеймін десең, амал не, ұрысып-керісіп мен бұл үйде тұра алмаймын!» — деген соң ұзақ уақыт ойланып жатып, оның айтқанына келісім бердім. «Шындығында да, мұның не ерсілігі бар? Туысқанымен жабысып қалған ешкім жоқ қой осы. Кетсек алысқа кетпейміз, қатынасып тұрады екенбіз. Ал, бұл жерде күнде ұрысып, екі жағымыздың да қадірі кете берсе, оның несі жарастық? Қайта, алыстау болсақ бұлармен сыйлы боламыз ғой, бір-бірімізді көруге ынтығып тұрамыз. Ал, бұған келіспеймін деп қасарысып, әйеліңнен ажырасқаның құр ақымақтық болып шықпай ма?» — деп ойладым да, Жамалдікі жөн екен-ау деп түйдім. Бірақ мен өз шешімімді ағама айта алмай көп жүрдім. Айтам деп қанша оқталсам да, денем қалтырап, маңдайым тершіп, күнде ертеңге қалдыра бердім. Ақыры бір күні Нұржанды сыртқа ертіп шықтым да, тілім сан рет күрмеліп жүріп, айтып берген болдым-ау. Ол бұл туралы естігенде, есеңгіреген адамша теңселіп, жалпақ жердің үстінде тұра алмай кетті. — Мен қайтемін, қайтып қаламын мына үйдің ішінде. Орныңды сипалатып, қаңыратып кеткенше, қиратып кет мұны. Кімге керек бұл қуыс кесек! — дегенді ессіз қайталаумен болды. Бірақ ақыр соңында: Қайтемін, барам десең бара ғой, тек, келіп тұрсаңдар болғаны. Япыр-ай, не болды бұл бізге!— деді ол аздап қатайғандай. Сол күні түнімен теңселіп, ешқайсымыз да ұйықтай алмадық. Мен «бұл ниетімізден таяйықшы, қиын ғой оларға»,— деп қанша азғырсам да, «бұл жерде тұра берсек, бұдан да қиын болады», — дегенді айтып, алған бетінен Жамал да қайтпай қойды. Сонан соң, ертеңіне машина әкеліп жүктерді тией бастадық. Нұржан жұмысқа да бармастан бізді көрмейін деген адамша үйден шықпай жатып алды. Біздің біржола кететін болғанымызға жаны күйзелген Шолпан аурудан жаңа тұрғандай боп-боз болып қуарып, далаға бір кіреді, бір шығады. Мен оның көзіне тура қарауға батылым жетпей, қарсы жолыға кетсем де, байқамаған кісідей қасынан өте шығамын. «Айналайын жеңешем-ай, сені қалай қиямын. Балалармен алысып өткізген базарлы күнді

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14