СЫР БОЙЫНДА (новелла)

сағынамын-ау енді», — деп ойлаймын көрпе-төсектерді тасып жүріп. — Жамалмен сен неге келісе алмадың екен? О да сабырлы әйелдің санатынан емес пе еді. Оған қарағанда сен бөтен есікті бұрынырақ көрген едің ғой. Келіскеннің орнына тебіскенің қалай?» Иә, солай ойлаған мен екенмін, солай ойлатқан Жамал екен ғой. Кейіннен білдім, сенің айтқаныңның бәрі де дұрыс екен-ау, жеңешем. Тек сендерден бөлінгісі келіп, мені осыған итермелеген өз әйелім екен!.. Машинаға жүкті тиеп болып, қоштасқалы үйге беттегенімде, Сүгірді ауызғы үйде Нұржанның мейірлене сүйіп жатқанын көріп қалдым. Оның екі көзінен жасы сорғалап, бейне бір біз оныменен енді қайтып көріспейтіндей ебіл-себіл болып отыр екен. Ар жағынан Шолпан шығып жас баланың былғанған киімдерін сүртті де, сәл тозыңқыраған шұлығын ауыстырып ол да емірене иіскеп жатыр. Олардың осы қимылын көріп, менің де жүрегім елжіреп қоя берді. Тұла бойым ду-ду етіп, жанарыма жас төңіректеп қалғанын да сезбедім. Үйге ақырын жақындап, босағадан аттай бергенімде, олар орындарынан ауыр көтеріліп, маған жасты көздерімен мөлдірей қарады. Бұл не, Шолпан да жылаған ба қалай? Бір кезде ағам: «Қош» дегендей еріндерін болар-болмас күбірлетіп, маған қолын созды. Ол мені нақ бір алысқа, азапты сапарға аттандырып тұрғандай, жанары мұңға толып жаудырай қарайды. Осы кезде мен шыдап тұра алмай, оның алпамсадай иығына бар денеммен асыла кеттім. — Жоқ, бармаймын, бармаймын ол жаққа! Керегі жоқ маған! — деп айқайлап жібердім. Ол да мені қыса құшақтап, екеуміз талай жылдардан бері енді ғана табысқан ағайындыларша сүйісіп жатырмыз… сүйісіп жатырмыз…

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14