ӘКЕ

тыстады. Әшірәп түнімен ұлына ақыл айтты. «Мен саған зияндық ойламаймын» дегенді екі-үш сөйлемнен соң араластыра келіп, елде өзін қалай ұстауды, жолдастарымен қандай қарым-қатынас жасауды, тіпті сол жолдастардың өзін қалай таңдау керек екендігіне шейін бар білгенін айтты. Ұлы үнсіз тыңдаумен болды. Бірақ оның ойы басқа жақта еді. Ол өзін күтіп отырған жолдастарын, сүйкімді Мәрияны көзіне елестетті. Мәрия есіне түскенде Есенжол орнынан атып тұрып, солай қарай жүгіре жөнелгісі келді. Әкесі ұйықтап қалғанда ұрланып кетуді де ойлады. Бірақ, ол кісі көпке шейін көз ілмеді. Тез ұйықтай қалғанның өзінде де әке сөзін Есенжол жерге тастамас еді. «Мәрия күтіп отыр-ау мені, — дегенді ол іштей қайталаумен болды. — Маған ренжитін шығар». Әке мен бала ерте тұрып тамақтанды. Сонан соң институтқа тартты. Жолда магазиндерге соғамыз деп жүріп, студенттер жиналатын жерге кешірек келді. Жігіттер мен қыздар ашық машинаға жүктерін тиеп қойыпты. Өздері көрінбейді, тек жалғыз бір қыз тұр екен. Есенжол кілт тұра қалды да, әкесінің қолындағы магнитофонды алды. — Папа, сен осы жерде тұра тұр, мен қазір келемін, —деп ол ауыр салмақтан бүкшеңдеп, ілгері қарай жүгіре жөнелді. Әшірәп не болғанын түсінбей ақырын басып келе жатты. Темекі сауытын алып, сигарет тұтатты. Бір кезде машинаға жақындай берген ұлының қасына әлгі орта бойлы, талдырмаш қыздың жүгіріп келіп, оны құшақтай алғанын көрді. «Әдепсізін-ай!» деп Әшірәп теріс айналды. Машина мен Әшірәптің арасы тас лақтырымдай ғана жер еді. Сөйлескен сөздің бәрі анық естіліп тұр. — Есен, сен неге келмедің? Біз қандай күттік. Мен ше? Папаң ба, мамаң ба — біреуі ауырып қалды ма, я болмаса, өзі бір нәрсеге ұрынып қалды ма деп қатты қорықтым. Әшірәп еріксіз солар жаққа қарады. Сол кезде ұлының өзіне қарап тұрғанын көрді. «Жоқ, әдепті қыз екен, — деді Әшірәп. — Папаң ба, мамаң ба, біреуі ауырып қалды ма деп қорықтым дейді. — Уайымшылын қарай гөр өзінің. Қандай сүйкімді еді өзі. Менің ұлымның… есі бар-ау деймін. Айналайын сенен». Сол кезде іштен бір топ қыз-жігіттер топырлап шыға келді. Әне, әне бір алдыңғысы — Қазбек. Әне біреу тәпелтектеуі айта беретін Володька. Олар машина жанында тұрған Есенжолды көре салып, оған лап қойды. — О, Есенжол! — Оу, қайда жоғалып жүрсің? — Кеш болса үйінен шықпайды. Қыздан жаман. Жігіттер оны ортаға алып қалды… Біраздан соң Есенжол әкесінің қасына келді. — Папа, машина жүргелі тұр. Жұмыстан кешігесің ғой, кете бер… Әшірәп үндемей баласының соңынан ере берді. Ол бір топ жігіттің қасына келгенде бәрі де бұған кезектесіп сәлем берді. Олар мұнымен біраз сөйлесті де, өзді-өзімен боп кетті. Әшірәп көзімен әлгі бір «сүйкімді» қызды іздей бастады. Ол

Pages: 1 2 3 4