ӘКЕ

бұл жерде жоқ боп шықты. «Ұялған ғой, — деп ойлады Әшірәп. — Есенжол оған басқа жаққа бара тұр деген шығар». Ұлы үш-төрт жігіттің ортасында тұр. Тап осы жолы әкесі өз баласын танымай қалды. «Апыр-ау, мынау өзі қалай өзгеріп кеткен, сап-салмақты ғой. Мен неге байқамағанмын мұны!» Әшірәп өзі жеке қалып қойыпты. Ұлының бұған қайырылуға мұршасы жоқ. Әне бір жігіттердің ішінде әлдене туралы қызу сөйлеп тұр. Қалғандары Есенжолды ұйып тыңдай қалған. Әшірәп оларға қызыға қарады. Ішінде өз баласы, Есенжолы кетіп бара жатқанына масаттанды. Әкелік мақтаныш сезімі оянды. «Досты жақсылап таңда, кез келгенімен жолдас бола берме» деп ұлына талай айтқандығы үшін өзі өкінді. Бірнеше минуттан соң машина орнынан қозғалды. Есенжол қол бұлғап ұзай берді. Сол кезде барып Әшірәп оның жанында көзге түспеу үшін бұғып қана отырған баяғы «сүйкімді» қызды көрді. «Қай кезде машинаға мініп үлгерген, — деді ол жұмысқа келе жатқанда. — Дегенмен, естияр екен өзі». Ол ұлын көз алдына тағы елестетті. «Кеш болса, үйден шықпайды. Қыздан жаман» деп тастады-ау біреуі. Қандай қатал айтады. Ұлымның көңілі төмен боп қалды-ау, қарағым-ай. Кеше неге жібере қоймап едім. Ер жетіп қалғанын қалай байқамадым мен оның. Кеше ғана емес пе еді бесікте жатқаны. Жылаған үні әлі құлағымнан да кеткен жоқ қой». Ол ұлына деген сағыныштың әлден-ақ жүрегіне үйіріле бастағанын сезді. Оған осы кезге шейін жас баладай қарап, қатал ұстап келгеніне іштей өкінді. Әке үшін нағыз қуанышы мен реніші мол ұйқысыз түндердің енді ғана басталып келе жатқанын ол алғаш рет сезді.  

Pages: 1 2 3 4