КҮЙЕУ БАЛА

жатыр. Бала-шаға шуылдап, Шәкираның төңірегінде жүр. Шәкира да олардың әрқайсысының сұрағына жауап беріп, «е, ім, иә», деп қояды. — Ай, күйеу бала-ау, қайда жүрсің? – деді баяғы жас әйел ашық дауыспен. – Мұнда келіп отырсаңшы. Мына жұрт көрсін. Сөйлесейік. Қария болса жоқ екен, енді өзің қариясың, өзің бассың. — О-о-й, Танакүл-ай, сенің аузыңа да тыным жоқ екен. Ұялта бермесеңші! — Маналы бері қол қусырып үнсіз отырған оның күйеуі сөзге араласты. — Қойшы, әйелдің тірлігіне сен араласпашы осы. Ол жағын өзіміз білеміз. Ұялып немене, келіп отыр дегенге ұяла ма? Ай, Қамардин, бері кел. Сыртта тұрған Қамардин ұяла басып ішке кірді. «Қандай өктем сөйлейді мына жеңгей? Әлде, ашық-жарқындық деген осы ма?» — Әй, Гүлжиһан, жездеме барам, жездемді көрем деп қоймаушы едің ғой. Міне, мына отырған жігіт жездең болады, — деді ол қасында отырған 8 — 9 жасар қызды түртіп қалып. — Ал бар, құлағынан тарт, қалтасын қара, сырға алып бер де. Жас қыз ұялып, әкесіне қарай тығыла берді. — Ой, ынжық. Айнымай нағашы апасына тартар ма? (Осыған қарағанда ол өз төркінін онша жақсы көрмесе керек). Оның несі ұят. Одан ешкім де кедей боп қалмайды. Тек ата-бабасының жоралғысы. Сонысы ғана қызық бізге. — Сенің де білмейтін заңың жоқ екен, қойсаңшы тоты құстай сайрамай, — деді күйеуі де, — жездесі екенін сен айтпасаң да біледі ғой ол. «Жезде, жезде! — деді Қамардин іштей әлденеше рет қайталап, — қандай жат, әрі қандай салқын. Бұл кісілер мұны айтпай-ақ қойса қайтер еді?» Осыдан соң Қамардин қарсы алдында отырған әйелдің сөзіне амалсыз езу тартып, ара-арасында бас изеп қойғаны болмаса, түк те ұққан жоқ. Басында «жезде» деген бір-ақ сөз ызыңдап тұрды да алды. Күн батып, үйге шам жағылған соң Қамардин әлденені сылтауратып тысқа шығып кетті. Аспанға бұлт үйіріліп, жаңбыр сіркіреп тұр екен. Ол бейне бір тұтқыннан босанғандай салқын ауада кеудесін кере бір дем алды. Үйден дабырлай сөйлескен дауыстар естіледі. Осы кезде ол желке тұсынан «Қамардин» деген Шәкираның дауысын естіді. — Әу. — Сен неге шықтың? Ұят қой, үйде отыра берсеңші. — Мен… қазір кіремін. — Бірақ сен… сен біртүрлі сұлық отырсың ғой. Немене, олар саған ұнамай ма? — Жо-жоқ! Неге… бұл не дегенің? — Үнсіз отырдың да алдың, — деді Шәкира мұңайған үнмен. — Сенің сол мінезіңді көріп бәрі де, әсіресе ағайым мен әкем үнсіз қалды. Тым болмаса, ана туған інілерімді еркелетсеңші. — Шәкира, мұныңа қарсы емеспін. Құдай ұрсын білмей отырмын. Қайсысы сенің туған інің? — Сен әлі білмейсің бе? — Жоқ. — Анау төргі жақта, әкемнің қасында отыр

Pages: 1 2 3 4 5