АҚЛИМА

тату тұрар едік. Бізге сен кесір келтіріп жүрсің» — деп тұрғандай. Жас келіншек өзінің бұл үйдегі артық адам екенін енді-енді аңғарғандай. Ағасы мен жеңгесінің тыныш өміріне де бүлік салатын өзі екенін білді. Оны әке-шешесі де, ағасы да жақсы көреді. Көңіліне кеп қалар дей ме, бірауыз артық сөз айтпайды. Ақлиманың жанына бұл да батты. Мұның бәрінің ар жағында жасандылық, аяушылық жатқанын сезді. «Сұмдық-ай! Адам өз үйіне де бөтен боп қалады екен ғой», — деп Ақлима ауыр күрсінді. Ақлиманың күйеуден шығып келгендігін барлық ауыл біледі. Ол далаға шыққан сайын өзіне барлық адам қарап тұрғандай сезінетін. Бұрынғы таныс құрбылары көшеде кездесе кетсе, бұған аяушылықпен қарайды. Бір күні Ақлима көңіл көтермек боп клубқа барып еді, өзінің желке тұсында отырған бір-екі әйелдің: «Міне әнеугүнгі айтқаным. Серімбеттің қарындасы, күйеуден шыққан. Жап-жас екен ғой. Е, байғұс-ай», — деп сыбырласқандарын естіп қалды. Ақлима бұдан әрі отыра алмай, шығып кетті. Ақлима есікті тез ашып, төргі бөлмеге өте шықты. Ешкімнің көзіне түспегеніне қуанды. Түні бойы жылады. Қорланып жылады. Жастығы су болды. Күйеуін ойлады. Есепшоттың шық-шық еткенін естігендей болды. Таныс дыбыс. Біртүрлі құлаққа жағымды сияқты. Ақлима өз үйінде жатқандай сезінді. Онда не істеймін десе де ерікті еді-ау! Ал мұнда… Мұнда бәрі керісінше. Еркін жүре алмайды. Бұл үй — бұрын еркелеп өскен өз үйі де салқын тартқан сияқты. Бұған деген ата-анасының, ағасының, тіпті көршілерінің де мейірімі тек аяушылық қана! Ақлима таңға жуық орнынан тұрды. Таң атуға жақын екен. Тез-тез киініп, баласын орады. Үйдегілер түгел ұйқыда, көшіріп кетсең де сезер емес. Ол аяғының ұшымен басып, далаға шықты. Салқын ауамен терең бір дем алып, ауыл сыртындағы үлкен жолға түсті… Ол үйіне күн көтеріле бергенде жетті. Таныс үй, таныс қора көзіне оттай басылды. Майлыаяқ та құйрығын бұлғаңдатып, алдынан шығып еркелеп, аяғына оралады. Ақлима есік алдында ұзақ тұрды. Жүрегі дүрсілдеп, ішке кіруге батылы жетпейді. «Не дер екен ол маған? Неге келдің десе қайтпекпін?!» Осы кезде есік ашылды. Ақлима селт ете қалды. Қараса алдында Сопытай тұр. — Ой, — деді ол таңдана дауыстап. — Кеп қалдыңдар ма? Ақлима төмен қарады. — Мен кетіп қалмай тұрып келгендерің жақсы болды. Жүр, ішке кір. Ой, бәрекелде-е!.. Ақлима дірілдей басып ішке кірді. — Қане, Тұрашты маған берші. — Ол баласын қолына алды. — О-о, ояу ғой өзі. Нағашысының ауылында жүріп жігіт боп кеткенін қарашы. Күліп жатыр. Еһе, кішт-кішт. Ауырған ба, көзі кіртиіп қапты ғой? — Тоңған шығар. — Ақлиманың даусы дірілдей шықты. — Е, бәсе! Қане, Ақлима, сен шай қайнат. Біз Тұраш екеуміз сиырды өріске айдайық. Ақлима ауыр бір күрсініп, айналасына

Pages: 1 2 3 4 5 6