БЕЙТАНЫСТАР

таянған қарт кісі екен. Қиясбекті көрген соң тоқтай қалып, оған қарсы жүрді. — Амансың ба, қарағым, — деді ол болар-болмас қана еріндерін күбірлетіп. — Неге жалғыз шықтыңыз дерің бар ма? Жалғыз шығатын жағдай болған соң шыққаным да, екі кештің арасында борандатып нем бар дейсің әйтпесе. «Құдай бір айналдырғанды шыр айналдырады» деп, әлгі бір мінген мәшинемнің бір жері бұзылып, кейін қайтып кеткені. Тым болмаса, анау Қабылсайға шейін апарып таста, ары қарай жаяу-ақ жетермін бір бәле қып деп ем, өзіңдей жігіт екен, бар болғыр, «шеше, жолда қалып қоямын, бұдан әрі жүре алмаймын» деп кері қайтып кетті. — Қай жерге баратын едіңіз? — Е, барар жерім алыс боп тұр ғой. Жақын болса қиналмас ем, тым құрыса ана Қабылсайға жетіп алсам ары қарай Шағырға дейін ет пісірім жүрсем барып қалмаймын ба… Ана тентектердің қылығы ғой, кәрі кеудені үйде тыныш отырғызбай жүрген. Қарт кісі терең бір күрсінді де, баласының бетін жаңбыр мен желден қымтай түсіп, жүруге ыңғайланды. — Бөгелме, жүре бер, қалқам. Күн болса кешкіріп барады, екеуміз де босқа кешікпейік. — Сөйтті де ол алған бағытымен ілгері қозғала берді. Қиясбек не істерін білмей сол орында қатты да қалды. Онымен қоштасуға да шамасы келмеді. «Не істеу керек, осылай қалшиып тұра бермек пе, жоқ, кемпірді қуып жетіп, баратын жеріне дейін апарып салу қажет пе? Бірақ, оның да кезек күттірмес тығыз шаруасы бар ғой. Гараж меңгерушісі әне-міне келеді деп Арыста, қойма алаңында күтіп отыр. Күннің кешкіріп келе жатысы болса мынау. Оның үстіне жер де құрғақ емес». Қиясбек кеудесіндегі шарпысқан екі ойдың қай жағына шығарын білмей тұрғанда кемпір де алыстап кетті. Шағыр — баяғыда артта қалған ауыл, оған барып келу үшін кемінде екі-үш сағаттай уақыт керек. Сонда Арысқа қашан бармақ? Айрандай араласып жатқан мына жолдың бір түкпірінде қалып қойса ше? Ертең не деп ақталмақ?» Жол жөнекей кездескен бір адамға жаным ашып, соны үйіне жеткізіп тастаймын дегенімде қырсық шалып кешігіп қалдым деймін бе? Оған кім сенеді, сене қойғанның өзінде ол үшін мені арқамнан қаға қояр ма екен? Қиясбек сүлесоқ кеп машинаға отырды. Мотор өшіп қалған екен. Стартерді самарқау басқан сәтте дүр етіп от ала кетті. Ол әлдекім итергендей амалы таусылып, алға қарай әрең қозғалды. «Жүре беру керек пе, қайту керек пе?» Осы ой оның басынан бір сәтке де шықпады. Ал уақыт болса өтіп жатыр, машина ышқына түсіп, заулап келеді. Барған сайын әлгі кемпірмен екі ара алыстап барады. «Қолындағы көтерген баласы кім болды екен, немересі ме, әлде өз баласы ма?» – деп ойлады Қиясбек жолдан көз алмай келе жатып. – «Ана

Pages: 1 2 3 4 5