БЕЙТАНЫСТАР

тентектердің қылығы ғой, кәрі кеудені тыныш отырғызбай жүрген…» дегені несі? «Тентектері» кім? Балалары емес пе екен?» Қиясбек қалғығандай көзін жұмып тұрды да, тормозды басып қалды. Машина тоқтай салысымен, кабина есігін ашып, артқа көз тастады. Кемпірдің бүкіл тұлғасы оған алғаш рет көрінгендегідей кішкене нүктеге айналыпты. Жүріп бара жатқаны, не тоқтап тұрғаны белгісіз. «Егер дәл осы кісі менің анам болса, қайтер еді — деді өзіне-өзі Қиясбек. — Мен бір бақытсыздыкқа душар болсам, алыстағы анам дәл осылай бораның мен түніңді елең де қылмастан желге ұшқан жаулығы мен табанын тілгілеген көк мұздақты да тыңдамай, баласына, бауыр етіне қарай жол тартпай ма? Бәлкім, бұл кісіге де дәл сондай бір оқиға тап болған шығар. Жоқ, қайту керек. Не де болса, қайту керек. Ертең…. ертеңгіні кейінірек ойлармын!» Жас жігіт машинасын кілт бұрып, кейін қарай жүрді. Өзінің осылай деп шешім жасағаны үшін қуанғандай, жүзіне күлкі ойнап, көзінде қуаныш оты ұшқындап шыға келді. Таянып қалған машина дүрілін естіп, қария кісі жолдан шықты да, ала кетуін өтінбек болғандай қолын көтерді. Кабинадан түсіп келе жатқан әлгі жігітті көріп ол таңданып тұрып қалды. — Не болды, қарағым-ау, сенің де машинаң бұзылып қалды ма? — Жоқ, сізді апарып тастайын, апа. Келіңіз. Отырыңыз. Күн суық, тоңып та қалдыңыз-ау… Әлгінде… сізді көрген сәтте-ақ апарып тастамақ едім, бірақ… тірлік қой, апа, бірден тәуекел ете алмадым. — Қиясбек абдырап, сасқалақтап осы сөздерді әрең айтты. Қария кісі сыпайы қарсылық білдіріп: «Жоқ, жолыңнан қалма, қарағым, әне, Қабылсайға да кеп қалдым. Азарлығы қона жатып, ертеңгісін жетер едім дә» деуін десе де, Қиясбек қояр да қоймай оны кабинаға отырғызды. Машина Шағырға қарай заулап келеді. Кабина ішіндегі екеу үнсіз келе жатыр. Қария кісі болса ой үстінде екені салыңқы әжім жүзінен ап-анық көрініп тұр. Ал, Қиясбек болса сөзді неден, қалай бастаудың ретін таппай келеді. — Апа, — деді бір кезде жігіт кепкасымен машинаның алдыңғы әйнегін сүртіп-сүртіп жіберіп. Кемпір селт ете түсті. — Не, шырағым? — Мына кішкентайыңыз немереңіз бола ма? — Немерем ғой… Тұңғышым. — Е-е, немерелі болсаңыз, бақытты екенсіз. — Шүкіршілік, — деді кемпір жай ғана. Сонан соң олар тағы үнсіз қалды. Әлден соң кемпір сөз бастады. — Өзіңнің әке-шешең бар ма еді, балам? — Жоқ, шеше, — деді Қиясбек тез жауап қайтарып. — Немере сүйсеңіз бақытты екенсіз дегендегі себебім де сол еді. Әкем соғыста, анам осыдан алты жыл бұрын дүние салған. Немере түгілі, жаман келінін де көре алмай кетті. — Алда байғұс-ай, — деді кемпір күрсініп. — Жеткізіп-жеткізіп, қызығын көрмей кеткен екен ғой. Бала-шағаң бар ма еді? — Бар. Бір жаста.

Pages: 1 2 3 4 5