АЛАҢСЫЗ АУЫЛ

да:– Ол доңыз ғой,–деп дүңк етті де, шығып кетті. –Құданың құдіреті! – деді Шыдан иығын қозғап. – Әлгі не деп кетті? Шыданның әйелі мен бала-шағасы колбасаны пәтініске салып қойып, ортаға алып ұзақ тамашалады. –Қазы сияқты екен, –деді ересек қызы оны бір аударып көріп. –Жоқ, қызғылттығы болмаса, әсіптен айнымайды,–деді шешелері. –Иісінің жақсысын-ай!–деді кіші қызы тамсанып. –Мынау сары жыланнан айнымайды ғой, –деді бақыр бас бала жұрттың бәрінің жүрегін айнытып. –Тек! Адал асты арамға теңеме!–деп, әкесі баласын бүйірінен нұқып қалды. –Бұ да адам болмайды, қарашы айтып отырған сөзін! –Содан соң әйеліне қарады. –Әй, колбасаға дем салып отырсың ба, нағып үңіліп қалғансың? Турасайшы! Әйелі Әския пеш үстінде жатқан кездікті алды да, колбасаны турауға кірісті. –Бісмілла рақымман рақым!.. Осы сәттен бастап ауыл екіге бөлінді: колбаса жейтіндер және жемейтіндер, арақ ішетіндер және ішпейтіндер боп. Әуелгі кезде арақтың да қас жаулары көп еді, бірақ, бертін келе оның түп атасы бидай екеніне көздері жеткен соң біраз жұрт оған деген көзқарасын өзгертіп, жұмсара бастады да, онымен ымыраға келгендей сыңай танытты. Ал, колбасаның түп атасы доңыз екенін білгенде бір-біріне қарама-қарсы екі топтың тарихи тайталасы ұзаққа созылды. Колбаса жемегендер колбаса жегендердің үйімен ыдыс-аяқ алмаспай, құда-жекжаттар бір-бірімен араласпай қойды. «Қазы сияқты екен», «әсіп сияқты екен» деп алғашқы кезде таңсық көріп жеп алған Шыданның әйелі мен екі қызы және сол сияқты басқа да колбаса жеп қойғандар не жегендерін ертесіне білгенде ұшынып мұрттай ұшып, алды бір апта, соңы бір-бір айдан ауырып тұрды. Бастары ауырып, балтыры сыздай қалса да, тіпті, түстерінен шошып оянса да, Асан қожаға барып дем салдыратын ауыл адамдары әдеттегідей жандарына дәру іздеп молдекеңе барып еді, «күнәһар пәндәнің һарам кәсәліне ара түспеймін» деп о кісі колбасадан ұшынып келген бір қора адамды ауласына кіргізбей даладан қайтарып жіберді. Қырық жылдан бері дал болған жандарына дауа тауып келген сыйынушылары даладан қайтарып жіберген соң адамдар өз білген ем-домдарын істеп, әркім өлмес қадамдарына өздері кірісті. Колбасадан өлген ешкім болмады. –Бәрібір дозақ отына жанасыңдар! –деді Асан қожа бір топ кәриялармен қазан арық жағасында колбасаны атасының асындай асайды екен деген елден ерек шыққан үш-төрт жігітті талқыға салып отырып.– Жанасыңдар, күйесіңдер, жандарың шырқырайды. Бірақ, сендерге Алланың рақымы түспейді. –Иә, иә,–деді өзге шалдар молдекеңді қостап.–Күйесіңдер тозақ отына! Біз де ара түспейміз… Үлкендерге сөз қайтаруға дәттері жетпей, күні бойы жерге қарап отырған төрт жігіттің біреуі Исахан әлгі шалға ажырайып бір қарап алды да: –Күйсек күйерміз… О дүниеде біздің ауылға арнап салынған пейіш жоқ шығар, –деп, күңк ете қалды. «Не естіп отырмыз!» дегендей шалдар жағы Исаханға еліре қарады. –Тәйт, найсап! Күнәға батқаныңмен қоймай, ақыретті

Pages: 1 2 3 4 5