ӨЖЕТ ҚҰСТАР

әрі қарай ұшуға қуаттары бітіп, түнек дауыл арасында құрбан болып қалып жатты. Нағыз сұмдық енді басталды. Дауыл осылай тағы бір күн дамылсыз тұрса, сүйікті мекенге бұл дүрмектен бірде-бірі жете алмайтыны хақ. Бір кезде алдыңғы шептен сарт-сұрт, «чик-чик» деген жантүршігерлік жат дыбыс естілді. Сақиналы торғай қауіп белгісін беріп жандәрменмен бір «чик» етті де, жалт етіп кейін бұрылды. Қарсы алдарында сояу-сояу жалаңаш жартас тұр еді. Ә дегенде бұрылып үлгіре алмаған көп туыстар сол жерде, тасқа соғылып таудай-таудай тасқын құшағына еніп жоқ болды. Қалғандары кері бұрылып, желді ықтай ұшты. Сақиналы торғай балапандарын түгелдеген дыбыс білдірді, бірақ оған екеуі ғана жауап берді. Қалған екеуі әлгі ажал тұңғиығында қалды. Қарт торғай өршелене қанат қақты. Қайғыруға уақыт жоқ. Қайыспай мына дүрмекті бастауы керек, немесе бірі қалмай опат болады. Осылайша олар таңға дейін бағдарсыз ұшты. Таң сыз бере дауыл да бәсеңсіді. Олар әбден қалжырады. Осы кезде теңіз бетінен ағарып кеме көрінді. Сақиналы торғай дүрмекті соңынан ертіп, кемеге келді. Олардың қатты болдырғаны сонша, палубадағы адамдардан жасқану дегенді білмеді. Адамдар оларға қамқорлық жасады. Теңіз заңын олар да жақсы білетін еді. Сондықтан аш, қалжыраған торғайларға нан қиқымын, ботқа жасайтын тары шашты. Жайпақ ыдыстармен тұщы су қойды. Кеме үстінде әл жиып тойынған соң торғайлар мейірімді адамдармен қош айтысып, қауіпті де сүйікті сапарларына қайта шықты. Төмендегілер бас киімдерін бұлғап, бірте-бірте алыста қала берді. Дауыл басылып қапты. Теңіз момақан пішінде баяу толқып жатыр. Кішкене құстар биікке көтеріліп, тағы да дауылға соқтығысып қалмау үшін алға қарай асығыс ұшты. Біраздан соң сол жақ бүйірден бір дүрмек ұзақ, қарғалар көрінді. Олар да алыс сапар жолында, сүйікті мекенге бет түзеген. Сақиналы қара торғай топ алдына суырылып шығып, туыстарын оңға қарай бұрды. Ұзақтардың шәлкес мінезділері де болады. Кейде араласып кетеді де кішкене құстарды көк аспанда әжуа етіп, ермек қылады, топты бөледі. Кейде талап та тастайды. Бұлар қашқан жоқ, қашқанын сезсе олар есерленіп соңына түседі. Сондықтан жылдамдықтарын бәсеңсітіп баяу қанат қақты. Ұзақтар тимеді. Бәлкім, кешегі дауылдан олар да шаршап келе жатқан шығар, бәлкім, бұлармен қабаттасып, қызықтағысы келгендей, қапталдаса зуылдап жүрген шағалалардан жасқанған болар. Біраздан соң сол шағалалардың қарасы көбейе берді. Әлденеге дайындалып жатқан секілді, жанды тітіркендіре шаңқ-шаңқ етеді. Қараторғайларды қауіп биледі. Бірнеше минуттан соң шағалалар бұлардың біріккен тобын жарып кіріп, қанаттарымен сабалай бастады. Кейбір әлсіз торғайлар талып түсіп, ұмар-жұмар боп төменге құлап жатты, әлділері орта жолда есін жиып мең-зең боп қайта көтеріледі, не сол бойы лағып кетеді. Кішкене құстарды ашу-ыза кернеді. Олар бұрынғысынан да жымдаса түсіп, шағалалармен шайқасты. Басқа амал да қалмаған еді. Осы шайқаста талайлар теңізге құлады, шағалалар

Pages: 1 2 3 4