ЖАСЫРЫНБАҚ

түссе, оның шашы тиген жер от басқандай әлі күнге дуылдап сала береді. Бірақ, мұны Қаршығаның өзі байқамаған еді. Сол күні сиясауытымды үйге тастап кетіппін. Үшінші сабақта бақылау жұмысы жүріп, сия болмағандықтан екеуміз екі партаға амалсыз бөлініп кеттік. Келесі сабақты асыға күттім. Қаршыға отырған алдыңғы партаға қарай беремін. Ол бұйра шашты, тәкаппар Әбдірахманның қасында майысып отыр… Сол қолын жағына таянып алған. Ешқайда қарамайды. Бар назары алдындағы дәптерде ғана. Нәзік қолымен қаламсабын сиясауытқа батырып алып, жаймен жаза бастайды. Сиясауытымның қасақана бүгін үйде қалғанын қарасаңшы! Келесі сабақ қашан басталар екен?! Булыққан қызғаныштан шымшып тіккен қалтадай жарылып кете жаздап әрең отырмын. Әне қарашы, ішің күйсін дегендей Әбдірахман онымен әлдене деп сөйлесіп отыр. Қыз басын изеп-изеп қояды. Әбдірахман оған тағы да тіл қатты. Бұл жолы Қаршыға күлімсіреді. Бір кезде мен жаққа жалт қарады да өзіне тесіліп қарап отырғанымды көріп қалып, сол сәтте-ақ бетін бұрып әкетті. Оның жүзі қызарып кеткенін байқап қалдым. Біршама уақыт өткен соң, бақылау жұмысын бірінші тапсырып, Қаршыға сыртқа шығып кетті. Көп ұзамай Әбдірахман да шықты. Мен… Әрине, мен бақылау жұмысы жайлы ұмытқан едім. Сонда да болса екі бет шимайларымды таза қағаздың арасына бүктеп, мұғалімнің алдына тастай салдым да, тысқа атылып шықтым. Дәл есіктің алдында Әбдірахман мен Қаршыға тұр екен. Әлгі шығарған есептері жайлы әлдене деп сөйлесіп жатыр… Екеуі де маған таңдана жалт қарады. Әсіресе Әбдірахман… Өйткені есепке менің салақтау екенімді, сондықтан балалардың соңына таман шығатынымды ол жақсы білетін еді. Мен оларға назар да аудармастан тез-тез басып өте шықтым. Қайда барарымды өзім де білмеймін. Аяғым еріксіз алға сүйреп бара жатыр. Олар менің соңымнан қарап тұр-ау! Тұла бойыма мың ине шаншылғандай денем дуылдап кетті. Жыртық көрпенің шашылған мақтасындай аспандағы іртік-іртік бұлттардан көз алмастан жүріп барып, қорған сыртына шықтым. Кеудем ызаға, қызғанышқа толы. Келесі сабақ та басталды. Бірақ, Қаршыға бұрынғы орнына сол бойы қайта келген жоқ. Әбдірахманның қасында қалды. Міне, бүгін де, кешкілік ойынға шыққанда да Әбдірахман оны өзіне өзгеден гөрі жақын тартып жүр. Өткен жолғы ақсүйек ойынында да Қаршыға Әбдірахманның тобында болған. Әр ойын сайын мен Қаршығаны көру үшін келемін. Сабаққа да соны сағынғандықтан баратын сияқтымын. Ал, оның Әбдірахманмен бірге отырғанын, күлгенін, сөйлескенін көргенде бойымды ыза кернеп, далаға атып шыққым келеді. Сол бойы келмей-ақ қойсам деймін. Біржола. Кей-кейде кетіп қалып та жүрдім. Бірақ, үйге келгенмен жаным тағы тағат таппайды. Кеш болмай-ақ Қаршығаны сағынамын. Күн батуға таянғанда мектептен қайтып келе жатқан балалардың жолына қараймын. Олар да алыстан көріне бастайды. Топ ішінен Қаршығаны іздеймін. Көп әуреленбей-ақ көк орамалды қызды көзім шалады. Ол — Қаршыға. Сол Қаршығам

Pages: 1 2 3 4