әперіп отыр. Ағаңның көкпар шабудан басқа не өнері бар. Бүгінгі қыздар ондай өнерге қызықпақ түгілі пысқырып та қарамайды. Әкесі болмаса әйелсіз қалар еді ол. Көрдің бе енді, айдай сұлуға үйленгенін. Әй, түбі ол Ыбышқа қатын болмайды, — деді қайта шалқалап. Мен бұдан әріге төзе алмай орнымнан атып тұрып оның жағасынан ала түстім. — Тарт тіліңді? Жатқан жерде мынамен жағыңды уатамын тура, — дедім ауыр балғаны жоғары көтеріп. — Сен осында соны айтқалы келіп пе ең? — Ол балғаға бір, менің ыза кернеп түтіккен жүзіме бір қарап қойды да: «Тарт әрі балғаңды, — деді. — Бол, тез. Сәл кешіксең ол өз маңдайыңа тиеді». Батылым жетіп бәрібір ұра алмайтынымды білген соң, оның жағасынан қолымды босатып кейін шегіндім. Сол сәтте ол білегімнен шап беріп ұстап балғаны жұлып алды да, түтіп жеп жіберетіндей маған ызғарлана ұмтылды. Мен кейін шегіне бердім. Оның еш нәрседен тайынатын түрі жоқ, қылқындырып өлтіруге дайын сияқты. Әлгінде мен оны ұруға аяп ем, ол аямауға бекініпті. — Ал, мені ұрарсың, басымды жарарсың, — дедім шегіне-шегіне құдық шығырына тіреліп. — Бірақ есіңде болсын әлгінің бәрін Ыбышқа айтып, жерге кіріп кетсең де таптырып аламын да додаға түскен серкедей тоз-тозыңды шығартамын. Айтпады деме! «ЬІбышқа айтамын» деген соң оның ызғары таппа тыйылды. Көтерілген қолы төмен түсіп, жуасып сала берді. Сонда да болса, ол сөздің жай оғындай тиген әсерін маған байқатқысы келмей теріс айналып кетті. — Кешірдім. Әрі інім сияқты жас болған соң кешірдім, — деді ол күңк етіп. Сөйтті де, балғаны құдық жаққа лақтырып жіберіп, Аршабайдың қақ ортасынан өтіп бара жатқан машинаға қарай жүрді. — Ал қолдарыңнан келсе құрып ала қойыңдар, — деп Әскербек батырымыз сонымен тайып тұрды. Мен үн-түнсіз қала бердім. Іштей оның кеткеніне қуанып тұрмын. Мейлі, бір мәнісін тауып құрармыз моторды, далада қалмас. Мен күн батқанша жуан-жуан бөрене кесінділерін мықтап қадап, енді шлангаларды тарқата бергенімде, әлдекімнің жұп-жұмсақ, мақтадай алақаны екі көзімнен кеп баса қалды. Алғашында селт ете түссем де, артынша жүрегім қуаныштан лүпілдеп сала берді. — Салтанат! – Әрине табасың, менен басқа кім келеді, — деп ол қолын босатып алды да, қарсы алдыма кеп тұра қалды. — Әлгі жігіт қайда? — Кетіп қалған. — Неге? Мен сәл үнсіз тұрдым да: — Орталықта қызым күтіп қалды дейді. Соған асығып кетті, — деп жалтара салдым. — Е, е, солай де. Ертең келе ме? — Жоқ. –Мейлі, келмей-ақ қойсын. Өзі бір кергіп тұрған біреу ғой. Екеуміз-ақ құрамыз, ә? Ауыр болса атамдар келген соң бітіреміз, солай ма? Мен басымды изедім. Сонан соң астаудағы суға жуынып алып, Салтанат
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47