ГАУҺАР ТАС

әккі болған. Бізге келгенде ириген мойны, сидиған сирағы ғана бар болатын. Қарап жататын күн қайда, байғұс түйе келе салысымен байбалам салып жүріп құдық мәселесіне кірісті. Қазір ол жұмыстан босаған. Бірақ ауыр жұмыс арғы-бергісінен өтіп кеткен-ау, оңалса да онысы әзір пайдаға шешілмей отыр. Боранға ұрынып қалмайық деп екеуміз екі тесемен бүргенді дамылсыз шаптық. Шана үстінде ішіктен де тоңып берекеміз кетіп еді, жұмысқа кіріскен соң қыза-қыза келіп мақталы күпәйкемізді де лақтырып тастадық. Ыбыштың денесінен буы бұрқырап жүр. Тесе сілтеген сайын құрғақ қар бұрқ-бұрқ етіп, ірі-ірі бүргендер жапырылып қалып жатыр. — Ыбыш, — дедім ол сәл ғана кідіріп мандайының терін сүртіп тұрған кезде. Ол үндемеді. — Ыбыш. — Не демексің? — Мен көмейіме тірелген сұрақты сыртқа шығаруға батылым жетпей мүдіріп қалдым. — Неғыл дейсің-ей, — деді ол қайталап. — Сен… сен Салтанатқа сонша неге қаталсың?.. Ол маған таңданған кейіппен ажырайып бір қарады — Тәйт әрі, — деді күңк етіп… — Ол жағымен сенің ісің болмасын. Айтып тұрғанын қара. Істе анау алдыңдағы жұмысыңды! Салтанаттың нәзіктігі, еркелігі, сирек кездесетін адал жар екендігі жайлы Ыбышқа айтар сөзім тым-ақ көп секілді еді. Бірақ ол жөнінде оның сөйлескісі де келмей, салған жерден бетімді қайтарып тастауы, көкейімде шым-шымдап ашылып келе жатқан сыр сандығының аузын тарс еткізіп қайта жауып тастады. Енді оның мәңгі-бақи ашылмай кететініне көзім жететін секілді. Мен тесені тастап, шабылған бүргендерді шанаға тией бастадым. Осы кезде Бүргенді сайдың алыс түкпірінен бізге қарай келе жатқан аттылы көрінді. Біраз жақындаған соң келе жатқан кісінің әкем екенін тани кеттім. — Болайын дедіңдер ме? — деді ол қасымызға келген соң ат тізгінін тартып. — Шамаладық қой деймін, — деп жауап берді Ыбыш шабылған бүргендерге қарап. — Жетер ме екен? — Жетсе жетіп қалар. Тез тиейік, жел күшейіп келеді. Ал, сен дудар бас, мына атты мін де колхоз орталығына тарт. Бастыққа жолық. Малдың жемі таусылды, тездетіп екі-үш машинасын түсіріп берсін. Боран болса үдейін деп тұрғаны мынау, түсіндің бе? Мен басымды изедім. — Барған соң күмілжімей жөндеп айт. Бастық басыңды кесіп алмайды. «Сабаздың баласы-ай» дегізіп тақ-тұқ етіп тұрсаңшы. Бұл күнде алғыр болсаң ғана аласың. Мә, ұста тізгінді. Бүргенді Ыбыш екеуміз-ақ жеткіземіз. Ана жақтан қойлар да ыдырап кете ме, қайдам, — деп ат шылбырын қолыма ұстатты. Мен киімімді киіп атқа қарғып міндім де, күртік қарды күрт-күрт кешіп үйге тарттым. Сәл ұзай бергенде әкем: — Әй, басың барсын да, аяғың қайтсын. Боранға ұрынып қалма, — деді айқайлап. Ыбыш үндеген жоқ. * * * Колхоз бастығына жолығып «ертеңнен қалдырмай жем жеткізерміз» деген уәдесін алған соң ешқайда кідірмей

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47