ГАУҺАР ТАС

тура ауылға тарттым. Мен орталыққа енгенде-ақ бірде ұйтқып, бірде саябырлап бір сұрапылды қалай бастарын білмей мың құбылып тұрған ауа райы далаға шыққанымда кәдімгідей-ақ екіленіп апты. Жол бойымен тартылған электр сымдары ұйтқи соққан желмен жанды тырналап беймаза шуылдайды. Көшеде бейсауат жүрген адамдар жоқ, бәрі де жылы үйге кіріп жайғасып алған, тек бітпейтін тіршіліктің бүгінгі үлесін игере алмай қалған кейбір колхозшылар ғана ары-бері асығыс өтіп жатыр. Мен үйге жеткенімде күн де батып, боран үдей түсті. Қардың қайдан жауып тұрғанын айыру мүмкін емес, жерден бе, көктен бе? Тек құм сияқты қиыршық қатқыл қар ақ түтекпен араласып бетке тыз-тыз соғады. Есіктен ене бергенімде әлденеге тынымсызданып, қолы іске бармай жүрген апамды көрдім. — Ой, айналайын-ау, жеттің бе, әйтеуір? Мына боранда сені адасып кетті ме, әлдеқалай болды деп жаным тынбай отыр еді, — деп ол кісі қуанғанынан мені құшақтай алып, киімімді шеше бастады. — Ойпырмай, қолың тастай боп қатып қалыпты ғой. — Апа, көкемдер қайда? — Ойбай, олардың бәрі қой соңында. Бағана бүрген тасимыз деп жүргенде жиырма шақтысы бөлініп кетіпті. — Салтанат та кетті ме ? — Иә. Ана Ыбыш келіп… «Үйде отыра бермей сен де былай-былай шығып жоқ ізде» деген соң киініп алды да шығып кетті. «Бармашы, барма, сенсіз де қой табылар » деп қанша шырылдасам да көнбей қойды. Жаяу кетті байғұс бала. — Көп болды ма? — Иә, бағана жарық барда кеткен. Осы айналада болса үйге бір соғар еді, алысқа ұзап кетті-ау сол. Мен Салтанаттың Ыбышқа ызаланып, сол ызаға шыдай алмай қой іздеп кеткенін білдім. Демек, ол қойды тапқанша қайтып оралмайды. Осындай боранда Салтанат секілді нәзік әйелдің малды тауып келе қоюы мүмкін бе? Және ол жаяу ғой. Мен шешілген ішігімді қайта кидім. — Апа, маған бір кесе ыстық сорпа беріңіз. Бой жылытып, қайта шығайын. — Құлыным-ау, сен отыра тұрсаңшы. Тісің тісіңе тимей қалшылдап тұрсың ғой. Бәлкім, анау екеуінің біреуіне қосылып келіп қалар. — Келсе жақсы, келмесе ше? Осындай боранда оған қой ізде деп қалай айтты екен… Салтанатты іздемесе болмайтынын апам да түсініп тұрса керек, бұдан кейін еш қарсы сөз айтпастан темір пеш үстіндегі бүлк-бүлк қайнап жатқан қара қазанның қақпағын ашып, орта кесеге толтырып майлы ыстық сорпадан құйып берді. Сонан соң, мені асығып қарамай кетер деп ойлады-ау, нан шәулімен үлкен бір кесек сүр етті түсіріп алып, тақтай үстіне буын бұрқырата тез-тез турап тастады. Құр сорпа не болады, мынадан жеп ал. Жылқының еті суықта тоңдырмауға сеп болады. Бағана бүргенге барар алдында ұрттаған бір-екі кесе шайдан басқа әлі ештеме ішпегенім енді есіме түсті. Ыстық сорпа ерніме тиген

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47