ГАУҺАР ТАС

та жоқ. «Сал-та-на-ат!» Тағы айқайладым. Бұл үніме тағы да боран жауап берді. Өз дауысың өзіңе қорқынышты боп естіледі. Боранды даланы қанша шарлағанымды да білмеймін, шамада екі-үш сағат өткен секілді. Осы кезге дейін күндіз қой жайылған қырқаға жетуім керек, бірақ, көзге таныс жер бедерін кездестіре алмадым. Соған қарап алған бағытымнан ауытқып, адасып кеткенімді білдім. Ат та шаршады. Өзімнен де суық өтіп, аяқ-қолым қарысып қалды. Бір кезде қарсы алдымнан қарауытқан нәрсе көрінді. Тізгін тартып анықтап қарадым. Маялаған шөп пе, жоқ, түйе ме, қараңғыда қалтиып әрі-бері теңселіп тұрған секілді. Демімді ішіме тартып тына қалдым. Ешқандай дыбыс естілмейді. Атты тебініп қалып жақындай түстім. Сол сәтте жүрегім су етіп, тұла бойым мұздап сала берді. Бұл мола ғой. Біздің үйден 3-4 шақырым келетін Қосқұдық бойындағы әкелі-балалы екі адамның зираты. Осыдан үш жыл бұрын диірмен тартып келе жатқанда екеуін де бура шайнап өлтірген. Онда олар нақ осы Қосінген бойында түйе бағатын. Қарсы алдымда мына қарайып тұрған сол моланың қорғаны. Қорыққанда, адасқанда адамға зират серік болады дегенді көп естігенмін. Бірақ дәл қазір, ойда жоқта кездескен мола маған сұп-суық, қорқынышты боп көрінді. Жалпы мен бала кезімнен мазар атаулыны жақындап көрген жан емеспін. Егер бағып жүрген қозы-лақ соларды аралап кетсе, қашан да өздері шыққанша өз аяғымнан барып айдап келмейтінмін. Не болса да бұл қорған адасқан бағытыма жөн сілтеді. Жиреннің басын оңға бұрып, үйге қарай бет алдым. Салтанаттың бұдан әріге қарай ұзай қоюы екіталай. Енді оны үйге дейін іздеу керек. Бәлкім менен бұрын барып та қалған болар. Атқа қамшы тартып, арқан бойы ұзай бергенімде ұлыған боранмен араласып, арт жағымнан әлсіз бір дыбыс естілгендей болды. Селт етіп қалт тұра қалдым. Әлгі дауыс тағы естілді. Ыңырсыған адам үні ме, маңыраған қой ма, жылаған бала ма, ұлыған аш қасқыр ма, ол жағы белгісіз. Құлаққа елегізіп, талмаусырап әрең келеді. Үн дәл моладан шығып тұр. Жиреннің басын кері бұрып, солай қарай асқан сақтықпен жайлап жақындадым. Жүрегімде қорқыныш та жоқ емес, үзеңгіні ағытып алдым да таралғыны білегіме орап молаға таяндым. Кіре беріске кеп, қорған ішіне көз тастағанымда, түнерген қараңғылықтан өзге түк те көрінбеді. Сонан соң ат шылбырын қолыма мықтап ұстап ішке ендім. Сол сәтте әлденеге сүрініп кетіп етпетімнен түстім. Қолым жылы бір нәрсеге тигендей болды да, артынша ол зат орнынан қозғалып ыңырана көтерілді. Менің көзім қарауытып, демім бітіп қалғандай болды. Аяқ-қолымнан әл кетіп, орнымнан дір-дір етіп әрең түрегелдім. Сыртта тұрған ат та үркіп бір-екі жұлқынып қалды. Әбүйір болғанда шылбыр ұшын білегіме орай ұстаған екенмін, шығып кете алмады. Осы кезде әлгі ыңыранған үн тағы естілді. «Тоқта, бұл… қойдың

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47