ГАУҺАР ТАС

құйып берейін бе?» Мен үнсіз басымды изедім. Ол сырлы тостаққа толтырып ашқылтым тары көженің суынан құйып алды да: «Сен әлгіге ренжіп қалдың ба, үндемей тұрсың ғой. Сол тентектігімді жуу үшін, кел, саған өзім ішкізейін», — деп Салтанат сыңғырлай күліп, мойнымнан асыла құшақтады да, тостақты ерніме тақады. Ток жүріп өткендей өн бойым дуылдап, көз алдымдағы дүние қарауытып кетті. Жүрегімнің дүрсілдей жөнелгені соншалық, дәл қазір кеудемді жарып шығып, сырлы тостаққа ақ шортандай ыршып түсетін секілденді. — Тағы ма? — деді Салтанат. Тостақтағы сусынды тауысып қойғанымды сонда барып байқаппын. «Жоқ, жетеді» дедім ентіге сыбырлап. Тағы да ішкім келіп тұр еді, бірақ әлгіндей азапқа тағы түскім келмеді. Бұдан соң Салтанат кейін шегінді де, сыртын ыстық өтпесін деп киізбен қаптаған шағын қабаққа шүпілдете ашыма толтырып, аузын шүберекпен байлады да маған ұсынды. — Ал, жүресің бе? — Әрине… Мен Ыбыштың соңынан кеттім. Ол мені көргенде аңқиып тұрып қалды. — Өй, кетпепсің ғой, — деді. Оның бұл үнінде таңданудан гөрі қуаныш басым жатыр еді. — Жақсы болды. Ашыма әкелдің бе? — Иә. — Бере ғой. Қаным кеуіп тұр еді. — Ыбыш жерге малдас құрып отыра кетті де, жұп-жуан түкті білегімен қабақтың екі бүйірінен ұстап тұрып ернеуінен сіміре бастады. Оның екі алақанының арасында қалған кішкене қабақ бірнеше секундтан соң жұмыртқадай жаншылып, езіліп кететіндей еді. Ол әлден соң барып ыдысты төмен түсірді де «уф» — деп демін терең бір алып, батып бара жатқан күнге рахаттана қарады. — Түуһ, шөлдеп өліп қала жаздап ем. Салқынын-ай!.. Егер мен келмесем, ымырт жабылғанша ерні кезеріп осылайша қой соңында жүре бермекші-ау. Ал, мен кетсем ше? Оны ауыстырып тұратын да адамның реті қалмайды ғой. Сонда ол шілденің ми қайнатар ұзақ күнінде жаны бір рахат таппай аңызақ кезе береді-ау. Осы ойға тірелгенде Ыбышқа қатты жаным ашыды. Не болса да, қандай болса да ол менің ағам ғой. Туған ағам ғой, ана сүтін бірге емген ағам ғой. Ал, қатал да дөрекі қасиеті болса, табиғат жомарттың сыйлаған мінезі шығар. Оған не шара, оған не амал. Оны мен кімге айырбастамақпын, содыр ынжық екен деп жер бетінің қай жақсысына қимақпын! Жо-жо-оқ, ол мен ойлағандай мүлдем сезімсіз емес, оның жүрегінде де анаға, әкеге, іні мен жарға деген махаббат бар. Бірақ ол сезім, әсіресе, әйел атаулыға деген сезімі Аршабай адырын жалаңаяқ кезіп жүрген сонау балалық шағында-ақ ер жетпей, есеймей сол қалпы қатып қалған. — Ыбыш. — А? —Менің әскерден қалғаным жақсы болды, ә? — Жақсы болмай… —Бірақ мен бір айдан кейін кетемін. Саған жаным ашитын сияқты. —Қой, жан ашып… не, ден сау… —

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47