ГАУҺАР ТАС

болар деп қамсыз шыққан қыз, мұнда келген соң Салтанаттың жүрек ауруы бар екенін біліп, сабырынан мүлде айырылды. Жедел көмекпен әлсіреп жатқан адамды ауруханаға апару да көзсіздік. Әйтсе де, қарап отырып көз алдындағы адамнан айырылып қалмау үшін тәуекелге бел буып, менімен сөйлесіп болған соң мәшинеге мінгізбек болған кезде… Бірақ, тағдыр өз дегенін орындап, Салтанаттың сөзін аяқтатуға да уақыт бермеді… Оны жерлеп болғаннан кейін 7-8 күн өткен соң, мен де әскерге жүретін болдым. Оның өлімінен соң біздің үйді жантүршігерлік көңілсіздік басқан. Ол қайғы әсіресе апамды он жасқа қартайтып кетті. Жығылған үстіне жұдырық деп, мен әскерге жүретін болғанымда ол кісі: «Енді мен сені де көре алмай өлемін» — деп сай-сүйекті сырқырата жылады. Мен жүретін күні Ыбыш малда болатын. Ол бәйгеден келгенде келіншегінің қайтыс болғанын естіп, ләм демей теріс айналып кеткен. Сол бойы үнсіз. Қараспанда күреңнің топты жарып, екі рет бас жүлдені жеңіп алғандығы жайлы да әкеме әнгімелеген жоқ. Әкем де сұрамаған. Күреңнің осы замандағы тұлпар екенін біз қазаға келген адамдардың көңіл айтып болған соңғы әңгімесінен естігенбіз. Мен Ыбышқа Салтанаттың қалдырған жібек шашағын екі-үш күн өткен соң бергенмін. Ол: «Бұл не?» деп біраз отырып, түсіндіріп айтқан соң үндемей төс қалтасына салып қойған. Қуануға, сөз жоқ, менен қысылды. Сөйтсе де жібек шашақты көрсеткен шақта оның қою қастары түйіліп-жазылып, қалың еріндерінің бір-екі дір-дір ете түскенін байқап қалдым. Апам мені біраз жерге шейін жаяу шығарып салды. Ол кісі поезға мінгенше жүре берер ме еді, сәл ұзаған соң «болды, баланы жасытпайық» — деп әкем үйге қайтарып жіберді. Мен күреңде, әкем өзінің жиренін мініп келе жатыр. Қалаш станциясына апаратын жол Қаратұмсықты қиғаштай кесіп өтеді. Сол тұмсықтың шың басында аяулы Салтанат жатыр. Былтыр, ол таңертең ойпаңда жүріп ән салғанда, мен дәл қазір Салтанат жерленген үлкен тастың түбінде бақыттылықтан жүрегім дүрсілдеп тұрып оның құлқайырлы далаға сұлулық себе айтқан әсем әнін тыңдағанмын. Ол кезде, осы қара тастың түбі Салтанаттың мәңгі қалар мекені болар деп кім ойлаған? Мен үшін ол кеудесіндегі бар арманын орындап болғанша көз жұмбайтын, осы құлқайырлы даласына сән беріп, өзі де онымен бірге мәңгі жасай беретіндей көрінуші еді ғой. Енді міне, мен оның қабірімен қоштасып кетуге келе жатырмын. Қаратұмсыққа жақындап қалғанымызда Салтанат жатқан зираттың басынан құс па, қой ма, қарайып әлдене көрінді. Жас құс дейін десең – ірі, тұлғалы, қой дейін десең – қимылсыз, қатып қалған. Төрт аяқты мал тақыр моланың жанынан не табады? — Көке, анау көрінген не? — Қайсы? — Зират үстіндегі. Әкем маңдайына қолын апарып біраз тұрды да: – Бүркіт болар шамасы. Нәлеті, мола бүркіт қой. Жүр,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47