берді. Сонан соң шылбыры шұбатылып жайылып жүрген күрең қасқаның ауыздығын салды, тартпасын тартты. Сөйтті де, атына асықпай отырып: «Байқа, қойлар шашырап кетпесін… і-і, менімен бірге тағы кімдер баратын болыпты?» — деді. — «Білмеймін». Ол үзеңгісін тебініп қалып, үйге қарай беттеді. Сол бойы артына қараған жоқ. Мен оның ат үстіндегі алып тұлғасы қыр астына тасаланғанша соңынан көз алмай қарап тұрдым. Ыбыштар екі күннен кейін күн бата бергенде келді. Біздің үй Аршабай деген өзеннің жиегіне тігілген. Өзен дегенде бұл шалқып жатқан сулы өзен емес. Ені жарты шақырымдай келетін үлкен арна. Басы сонау Қазығұрттан шығады. Аяғы бірте-бірте жайпауыттанып барып Арысқа жетеді де теп-тегіс жазыққа айналып кетеді. Бір заманда бұл жерде суы мол өзен болған деседі. Оған осы арнаның қатпар-қатпар тастары мен ұлтанын кіндік бойы қазсаң шыға келетін қиыршық құмдары куә. Қазір арнаның бойы малға таптырмайтын жайылым. Құлқайыр, шағыр, бетеге, кеурек, сасыр дегендерің ұйыса өскен. Арасына кірген мал шүйгін шөпке кенедей жабысып, бас көтермей қалады. Арнаның қақ ортасындағы жол арқылы арлы-берлі өткен машиналар мен мал тұяғынан көтерілген шаң құлқайырлардың үстінде үлдіректей қалықтап, кешкілік бұл маңайды әсем бір көрініске бөлейді. ЬІбыштар дәл осындай сәтте өзеннің сонау түкпірінен көрінді. Тойға жиналған елу шақты адам үйден үдере шығып, өздерінше гу-гу сөйлесіп қыр басынан бақылап тұр. 4-5 жігіт пен 5-6 қыз-келіншек бұдан әрі шыдап тұра алмай, көңілді күлкіге көміліп, келе жатқандарға қарсы жүрді. Мен де, апам да солармен бірге кеттік. Апам қуаныштан күліп жүр, жылап жүр. Көзінен аққан жасты байқайтын емес. Қара баласынан да, келінінен де «айнала» береді. Олар мінген машина бізге әбден жақындады. Бұл орталықган бізге жиі келіп, кино көрсетіп кететін шофер Амангелдінің автоклубы болатын. Әкем ол бір келгенде жалынып-жалпайып жүріп әзер көндірген. Машинадан түскенде Ыбышты танымай қалдым. Екі күннің ішінде өзі күрт өзгеріп кеткен секілді ме, қалай? Күнге күйіп май сіңген топырақтай болған қоңырқай жүзіне қан теуіп, қоңқақ мұрны делдие қапты. Басындағы сабан шляпасы мен үстіндегі көк бешпеті сом денесіне жабысып, өзін мүсіндендіре түскен. Ол ешқайсымызға сәлем берген жоқ. Ешқайсымызға бұрылып та қарамады. Тек апама жеткенде ғана аздап кідіріп бетінен сүйгізді де, одан алыста, дөң басында бес-алты шалмен мәслихаттасып тұрған әкеме қарай кетті. «Ыбыш!» деп соңынан ентелей бергенімде ол артына бұрылып та қарамаған бойы «қал» дегендей күректей алақанын жай бір сілтей салды. Не болса да мен осы сәтте оның аршынды адымы мен ұстамды жүзіне, алып тұлғасына, туа қалыптасқан қаталдығы мен әкеме шексіз ұнайтын асқан сабырлылығына сүйсінгендей болдым. …Той қызығы үш күнге созылды. Жастар жағы екі күн бойы сауық құрды. Кең жайлау, кең дала. Аршабай өзенінің көгілдір
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47