БІЗ СОҒЫСТЫ КӨРГЕН ЖОҚПЫЗ

күн аш жүріп, өлермендікпен бұл қысты да артқа тастауға жақын қалды. Көкемнен тағы да хат тыйылды. Апамның күрсінісі тағы жиіледі. Бір күні таңертең сиырды суарғалы далаға шығып ем, есіктің алдындағы күресіннің үстінде отырған наурыз торғайды көріп, қуанғаннан жүрегім лүпілдеп сала берді. «Япырмау, көктем шықты деп еді, бұл жақта әлі қар жатыр ғой»,–деп таңданғандай ол жан-жағына жалт-жұлт қарап, шиқ-шиқ етеді. Шелекті сол жерге қоя салып, үйге жүгіріп кірдім. –Апа, көктем келді, көктем! – дедім айқайлап. –Рас па, құдай-ау, қане! – Ол кісі табалдырықтан сүріне-қабына бері аттай беріп, есіктен шығуға шамасы жетпей, бір аяғы іште, бір аяғы сыртта, ергенектен ұстауға да үлгіре алмай сол жерге талықсып құлап түсті. Не болғанын түсінбей сүйеуге ұмтыла бергенімде дәліздегі ошақты көктемге дайындап, күлін тазалап жатқан Еркінай қалағы мен шелегін тастай салып, табан астында көз жасын көл қылып. «Көке-е-е!» деп далаға қарлығаштай зу етіп атып шықты. «Көктем» дегенді «көке» деп ұғыпты. Еркінай тамды бір айналып қайтып оралды. Апамды сүйемелдеп ішке кіргізіп, басына жастық қойып жатқанымда, ол қасыма жетіп кеп: «Көкем қайда? Көкем қайда деймін» – деп есі ауысқан адамша қалшылдап тұрып алды. Оны жұбату, сабасына қайта түсіріп, шындыққа көзін жеткізу қиын болды, оған сол шындықты мойындау ауыр болды. –Мен… мен «көктем» дедім ғой. «Көктем келді» дедім. Наурыз торғайды көріп айттым. Келіп тұрған көкемді тап бір мен кері қайтарып жібергендей өзі далаға шығып, ешкімнің жоқ екенін көзімен көріп кеп тұрса да сенгісі келмей, маған ұзақ қарап тұрды да, «Неге алдадың, неге алдадың!» – деп отыра қап күйіне, тұншыға, ызалана жылады. Ұзақ уақыт күтуден тозып, сағыныштан жұқарған әлсіз екі жүрек жарыла жаздап, әзер аман қалды. Жалған үміт жалт етіп жанды да, жалп етіп сөнді, жай сөнбеді, екеуінің, әсіресе апамның жігерін құм қылып, тұралатып, күйретіп кетті. Ол ұзақ уақыт бойы өзіне-өзі келе алмай, өң мен түстің арасында жүрді. Дүниеде дәрменсіз жас баланың жабығып жылағаны мен жасығанын, үміті алданған ананың қамыққаны мен тарыққанын көруден, соны ұғудан ауыр сезім болмаса керек. * * * «Сендер соғысты көрген жоқсыңдар!..» * * * «Иә, біз соғысты көрген жоқпыз…» Қар кетіп, күн жылынды. Адамдарға түскен ауыртпалықты сезінгендей Жер-ана ақырын дем алып, баяу бусанып жатыр. Қыстың қатты, заманның қатал болғанына өзінің кінәлі емес екенін, аламын десе қойнындағы бары мен бойындағы нәрін аямас пейіл танытып ой мен қыр қайта көктеп, қайта түледі. Көк иісін сезген азын-аулақ мал қорадан жерініп далаға ұмтылды. «Келесі жолы көкем келеді, тапанша әкеледі»,–деген Нұралының сөзі рас боп шықты. Бірақ «тапанша таба алмапты». Он екі мүшесі сау, тек сол аяғын сылтып басады. Соғыс деген

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38