ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

Беріліп істеген жұмыс қашанда ауыр болады ғой. Бесінші класс оқушысы Ермектің әке-шешесі колхоздың құс өсірушісі еді. Фермада әзірге екі-ақ адам жұмыс істейтін. Толып жатқан тауық, түйе тауық және үйрек- қаздарға жем, су беру, олардың астын тазалау, жұмыртқаларын жинап орталыққа апарып өткізу, ауырған құстарға қарау, тағы сондай толып жатқан қыруар шаруадан олар үйлеріне түн ішінде ғана қалжырап оралатын. Содан соң асығыс тамақтарын ішеді де, қылжиып ұйықтауға жатады. Таң қараңғысында қайта тұрады. Өйткені құстар ерте оянады. Жазғы каникулға шыққан Ермек азаннан кешке дейін не істерін білмей ерігетін, Оның бір кемшілігі – тез өкпелегіш болатын. Әлдебір құрбы- құрдастары байқаусызда бір сөз айта қалса, не оны байқамай қағып кетсе ол көпке дейін бұртиып, олармен сөйлеспей жүретін. Әке- шешесі биылғы жазда оны қалаға апарып екі үш күн қыдыртуға уәде берген еді, бірақ қасындағы серіктестері аяқ астынан ауырып қалып, олардың бұл ойлағандары жүзеге аспады. Ермек қалаға келіп жатқан көшпелі зоопаркке бара алмағандығына қатты ренжіп жүрді. Ермектің бұл жолғы реніші оған таңғажайып оқиғаны бастан кешіруге себепші болды. Ол былай болған еді. * * * Ермек орнынан тұрған кезде күн сәскелікке көтеріліп қалыпты. Терезеден түскен күн шағын бөлмесін тандырдай күйдіріп барады екен. Ол аулаға шығып, қол жуғыштағы сумен бетін жуды. Даладағы ошақ үстінде тұрған жабулы қазанның қақпағын ашып еді, қып-қызыл ғып қуырған тауық етін көрді. «Тағы да тауық! –деді ол ызаланып. –Бұлардың құс фермасында жұмыс істегені бәле болды ғой. Азанда тауық, түсте тауық, кешке тауық. Қуырып береді, сорпа ғып береді, отқа қақтап береді, түшпара ғып береді, кәуап қып береді, котлет қып та береді. Тамақтарының түрі таусылмайды. «Қашанғы тауық жей береміз?» десең папасы: «Құс еті асқазанға пайдалы» деп жауап береді. Оу, әкесі- ау, асқазанға пайдалы деп бір тамақты жей беру керек пе? Ол пайдалы болса асқазаны әртүрлі себептермен бұзылған саған пайдалы шығар, ал, ешқандай ауруы жоқ, темір тастасаң да қорытып шығаратын менің асқазанымның жазығы не?» Міне, әділетсіздік деген қайда, міне өзін ғана ойлау қайдан басталады! Оның асқазаны ауырады, сол үшін бәріміз тек құс етін жеуіміз керек! Оның мұндай кулинарлық саясатына мамасы үзілді- кесілді қарсы шыға алмайды, бірақ, оны түгелдей қостамайды да. «Азаннан кешке дейін неге тек тауық қана жейміз?» деген сұраққа ол бұл сауалдың дұрыс еместігін, жеп жүргендерінің тек тауық еместігін, бірде шөже, бірде балапан, бірде мекиен, бірде қораз, бірде қаз, ата қаз, бала қаз, түйетауық, бала үйрек тағы сол сияқты құс өсірушілер ғана білетін атауларды бірінен соң бірін шұбырта жөнелгенде уәжден жеңіліп, шынында да, жеп жүргеніміз бірыңғай тауық емес екен ғой деп өрескел қойған сұрағыңнан ұялып қаласың, Егер

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36