БІЗ СОҒЫСТЫ КӨРГЕН ЖОҚПЫЗ

оқитын балалардың сабағы басталып кеткен болу керек, мектеп жақта да бір-екі балалар ғана қараңдайды. Ол өзін далада қалғандай сезінді. Ешқашан жалғыз өзі сыртта ұйықтап көрген емес. Денесі тітіркенді. Тез киіне бастады. Әкесі соғыстан келгелі бері тұңғыш рет шындап мұңайды, тұңғыш рет жүрегіне жалғыздық ұялады. Майданнан жақсы хабар келе бастады. Бұл хабар ауыл адамдарының көңілін көтеріп, қайраттарына қайрат қосты. Сол хабар, сол қуаныш баланы жасытпай, кәріні мұқалтпай, алдарынан жанған үміт шамы секілді жетелеп отырып бидай орағына да алып келді. Біз каникулдамыз. Әр үйге жер бөлініп берілген. Торғай шырылдағанда қолға ұсталған орақ түн жарымына дейін түспейді. Бізбен қатарласып Гүлжамал мен Құлмандар да жер алған. Майданнан келген жақсы хабар Гүлжамалдың апасын төсектен сүйемелдеп тұрғызып, жетелеп жүргізіп жіберді. Үй мен егістіктің арасы жаяулыға түстік жер, сондықтан Орынша бір жарым жасқа келсе де әлі жүре қоймаған баласын да егіс басына ала келіп, күн өтпесін деп оған қурай шартақ жасап берген. Ол көп жылайды. Бірақ оның жылағанына құлағымыз үйреніп кетті, алғашқыдай көңіл бөле бермейтін болдық. Жылағаннан пайда жоқ екенін түсінген бала бір кезде өзі қояды. Орынша баласының жылаған кезінде емес, жылағанын қойған кезінде қасына барады: бір нәрсе боп қалды ма деп қорқады. Ананы сезік алдамайды. Баласының қоңыз ба, құмырысқа ма, шегіртке ме бірдеңелерді ұстап алып, аузына салғалы отырғанының дәл үстінен түседі. Орынша бұған да амал ойлап тапты. Баланың аузын бір қабат дәкемен байлап қойды. Енді қауіп жоқ, алаңсыз жұмыс істей беруге болады. Алғашында бізге күлкілі боп көрінді. Жас бала ырыққа көне қоймайтын тырбиған арық саусақтарымен бір түйір кесекті аузына салмақ болғанына, бірақ, жағын қанша керіп ашса да кесектің әлденеге тіреліп ары өтпейтініне, сонан соң ашуланып жерден басқасын алатынына күлдік. Бір-екі реттен соң күлуді де қойдық: ол үйреншікті нәрсеге айналып кетті. Жұмысты бәрімізден көп істейтін, тындырып істейтін – Құлман. Ертеден кешке дейін бас көтермейді. Қарындасын қасынан бір елі тастамайды. Ол қалып бара жатса алдындағы бидайын орып, өзімен қабаттастырып алады. Көктем шыққалы бері қарындасын өзімен бірге мектепке алып келіп жүрді. Әуелгіде қолына қағаз, қалам беріп, бірінші класқа апарып отырғызып келіп едік, келесі үзілісте ебіл-дебіл боп жылап бізге қашып келді. Жыл бойы көріспегендей, енді бұдан кейін біржолата ажырап қалатындай ағасының мойнынан тас қып құшақтап жібермей қойды. Сонан соң «Үйренгенше ағасымен бірге отыра берсін»– деп мұғалімдер әріп танымайтын баланы үшінші класта оқи тұруына рұқсат етті. Қыста үшінші класта «қыстап» шыққан бала көктемде бірінші класына барған кезде басқаларға шаңын көрсетпейтін үздік оқушы болып шыға келді. Оқу жылы бітіп, өзгелердің бәрі екінші класқа өтіп жатқанда, мұғалімдер мұның зеректігі мен пысықтығын, әртүрлі себептермен

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38