БІЗ СОҒЫСТЫ КӨРГЕН ЖОҚПЫЗ

Ол өткен жылы маған айтқан өз сөзін есіне түсіріп, жымиып күледі де: «Иә, саған! Алдайсың»,– дейді. Сонан соң қайтадан оқуға кіріседі. Мен болсам бұл ертегіні мектепке дейін-ақ есіткемін, ұсақ түйегіне дейін белгілі. – Шпана болайын ба? – деймін ерігіп. Ол бұл жолы маған қарап, аппақ тістерін көрсете күлімсірейді. Кітаптан көзін алмаған бойы басын шайқайды. – Сен жақсы қызсың ғой, ә? Ол тағы басын шайқайды. Мен күлемін. – Немене, сен жаман қызсың ба? – Шпана болуға неге құмартып қалдың? Тыныш отыр, ағай көріп қояды, – дейді ол кітап оқып отырған адамдай сыбырлап сөйлеп. – Жоқ, мен саған жақсы қызсың деп отырмын! Гүлжамалдың екі беті ду етіп қызарып шыға келеді. Ертегіні еліге оқып, күбірлеп отырған еріндері кілт тоқтай қалады. –Ағайға айтамын, – дейді ол ашуланып. – Не деп айтасың? Ол әлі қызылы кетпеген бетін маған бұрады, тұп-тұнық жанарынан: «Шынында, не деп айтамын?» деген сұрақты оқимын. – Сен күннен-күнге бұзық боп келесің, – дейді де мойнын бұрып әкетеді. Гүлжамалдың бұл сөзге мән беріп отырмағанын, әйтеуір бірдеңе деу керек болған соң айта салғанын түсінемін… – Гүлжамал, есіңде ме?.. – Жапсарбаев, алаңдамай тыныш отыр!–деген Сейдудің даусынан селт етіп, сөзімді аяқтай алмай қаламын. Жапсарбаев… Ол анау… Өзі үйде жатқанда орнына қарындасы кеп оқитын бала. Қарындасы қазір қасында отырады. Оқу үлгерімі жағынан Жапсарбаевтың өзінен де озып кетті. Гүлжамал екеуміз ескертуді сөйлеп отырған мен емес, бар болғаны жан-жағына қараған Жапсарбаевтың алғанына күлеміз. Осы кезде сықырлап есік ашылды да, мектеп директорының басы көрінді. Дүр етіп орнымыздан тұрдық. Ол «отыра беріңдер» дегендей қолымен ишара жасады да, Сейдуді сыртқа шақырып алып кетті. Екі-үш минут өтпей жатып, ол қайта оралды. Жүзі сұрланып кетіпті. – Балалар, кітаптарыңды жинастырып, үйлеріңе қайта беріңдер,– деді. – Не болғанын ертең айтам. Ішіміз мұздап, бәріміз үнсіз қалдық. Қымс еткен дыбыс жоқ. – Неге отырсыңдар, кітаптарыңды жинаңдар, – деді Сейду бұл жолы даусына зіл қосып. Сонда барып жиналған кітаптардың сытыры естіле бастады. «Ертең» деген көп уақыт еді. Біз ертеңді күте алмадық. Кешке жұмыстан келген апам Құлман екеумізге ертеңнің оқиғасын түгел баяндап берді. Жетінші класс жабылатын болыпты. Бір класта он бес бала оқитын. Солардың кеш оқыған алтауы он жетіге келіпті. Алтауы да әскерге алынатын болды. Қалғандары алтыншы класпен бірге оқиды. Олар бір бөлек отырып алады да, келген жерінен жалғастыра береді. Бір кластың бір класқа келтірер түк те зияны жоқ. Колхоз теңселіп кетті. Мұржаларынан күзгі түтіндері қисық будақтаған шағын ауыл замана салған ауыртпалыққа иығын тағы төсеп, сұлық жатыр. «Қайтейін, сендердің дегендерің болады да, басқа не шара»,– дегендей, бәріне көнген, бәріне төзген

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38