сыңай танытып, шашырай салынған аласа үйлер үнсіз тұр. Қыстың биыл да қатал болатынын сездіріп, батыс жақтан соққан суық жел бірте-бірте күшейіп келеді. Мектептің алдына кісі көп жиналды. Бәрі жылап тұр. Алты баланың алты анасы мен іні-қарындастары оларды жібермейміз деп шыңғырып жылағанда жан дүниеңді тырналайды. Жұрт бір бөлек, алты бала бір бөлек – ортада тұр. Біз күткендей емес, олардың қабақтары ашық, тіпті, бір-біріне қарап күлімсіреп қоятын сияқты. Бәлкім, олар соғыс дегеннің не екенін әлі толық білмейтін шығар. Жетінші класқа жетіп, жастары он жетіге толғанмен мектеп қабырғасына тән балалықтан арылмаған болар. Бірінші боп тұрған ұзын бойлысы қасындағы балаға қарап тағы күлімсіреді. Осыдан бір ай бұрын әр үй мектепке екі қап тезек берсін деген соң Құлман екеуміз төрт қап тезекті әкеле жатқанымызда есек арбамыз көпірде аударылып қалған. Тезегіміз арыққа түсіп, бізден құтылғанына қуанғандай жапа-тармағай жүзіп барады. Арықтың суы терең болатын. Не істерімізді білмей тезектің соңынан зыр қағып жүгіріп келе жатқанымызда, алдымыздан бойы серейіп осы Мәден шыға келді. Ол да тезек арқалап келеді екен. «Әй, не болды, сонша!» – деді қашанғы әдетімен «майда класты» менсінбей. «Ойбай, осылай да осылай», «Ә, сол ма жылап жүргендерің!». Ол шешіне бастады. «Тезек езіліп кететін болды» деп біз шыдай алмай тұрмыз. Шешінуге оның көп уақыты кеткен жоқ. Күпәйкесін, көйлегін, шалбарын тастағанда анадан туғандай тыр жалаңаш боп шыға келді. Сол бойы суға қойып кетті. Суық суда гүрс-гүрс етіп біраз құлаш ұрды да, талтайып тұрып алып тезектерді біртіндеп жағаға лақтыруға кірісті. Жаумен жалғыз алысып жатқан адамға ұқсап қаптап келе жатқан тезектерге: «Ә-ә, кел, кел жақында маған, жақында!» – деп жеңін сыбанған болып, тісін қайрап, айбат шегеді. «Аһ, фашист, сен келе жатыр екенсің ғой, ал, тарт сазайыңды! Оппа! – Бір де. Аһ-а, мына біреу тағы келеді. Жақында, жақында!» – Ол судың ішінде тұрса да алақанына түкіріп қояды. «Оппа!» –Екі де! Оппа – үш де! Оппа – төрт де!» – Біз оның қимылының шапшаңдығына, бұлшық еттерінің көз сүйсіндіріп бұлт-бұлт еткеніне қызыға қараймыз. «Оппа – тоғыз де! Ал, мына бір ең үлкен фриц келе жатыр. Кел, бәлем, кел! Оп-па – он де!..» Ол тоңайын деді, астыңғы ернінің қалшылдай бастағанын көріп тұрмыз. Жаумен алысып, бәрін жағаға атып жатқанында өзі де елігіп алған болу керек, денесіне суық өткенін де елер емес: «… – Оппа – қырық бір! Оппа – қырық екі! Ал, ең соңғысы қалды. Оп-па-а – қырық үш! Ура-а-а, жеңіс, жеңіс!» Ол жалбыз бен жусаннан ұстап жағаға шықты. Бойын жылытпақ боп біздің алдымызда тыр жалаңаш билеп жүр. Өзі қымсынайын демейді. – Мен болмасам тезектеріңнен айырылып,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38