БІЗ СОҒЫСТЫ КӨРГЕН ЖОҚПЫЗ

қасиетінен еді. «Үшеуіміз аман келдік, енді біреуі садақа, жұрттың жалғызы да қайтпай, қайтқаны мынадай күйге түсіп жатыр ғой», – деп кім ойласын, неге ойласын? Оларға ешкім ренжіген жоқ, «бұларың не» деген де сыңай танытпады. Бірақ, бір үйден кеткен төртеудің, төртеуінің де аман оралуы, соңғысының жай уақытта емес, бір үйдің бір кездегі арыстай азаматы іш құсалыққа шыдамай аянышты қазаға душар боп жатқан кезінде келе жатуы бұдан бұрын да ол шаңыраққа адам баласы сөзбен айтып түсіндіре алмайтын себептермен қоңыр салқын тарта бастаған жұрттың ықыласы тағы суи түсті. Неге суиды, неге алшақтайды, неге ырым үшін дастарқандарынан дәм татуды қойды, бақташы баланың «сүйінші» деген даусын естіп үдере шыққан көптің кім келе жатқанын естігенде қуаныштары неге бәсеңсіді, жаздың күні Бөрібай келе жатқандағыдай етектеріне сүрініп неге тұра жүгірмеді, неге көп шуылдамай азалы үйге қайта кірді? Әлде, қазалы үйді қиып кете алмаудан, немесе жердің тым алыстығынан үйіріліп қалды ма? Ал етігінің жыртық, басының жалаңбас екеніне қарамастан алыс болмақ түгілі жердің түбі болса да, «әскерден адам келе жатыр» десе дүркірей жөнелуге даяр балалар ше? Олар неге тоқтап қалды? Өзгеде болса да арамдық пен қызғаныш оларда жоқ еді ғой! Бұл сұрақ әрбір ересек адамның ойында тұрды, бірақ оған ешқайсысы жауап таба алмады. Бәлкім, «қызғаныш емес» деп әркім өзін-өзі алдағанмен бұл расымен-ақ қызғаныш шығар? Бір үйдің майданда жүрген төрт еркегінің түгел аман қайтып, қалғандардан бірлі-жарым алдамшы хат не болмаса қара қағаз кеп жатқанда, пендеге тән қызығу мен қызғаныш сезімі басқада неге оянбасын! Өзгенің қуанышына қуана білу өзіңнің қуанышыңды ұмыту емес қой, қайта ол жүрегіңдегі сағынышыңды асқынтып, сабырыңды алмай ма? Ал, қызғаныш жоқ болса неге қуанбайды? Майданға барып, аяқ-қолынан, денсаулығынан айырылып, аман келіп жатқан ол төртеуде кінә бар ма? Ысқырған оқтың ажал боп жабыспағанына бұлар айыпты ма? Әлде, өзгелер сияқты төртеуінің де өлуі керек пе еді? Одан кімнің қайғысы жеңілдемек? Ешкімнің де? Енді жұрттың мұнысы несі? Адам түсініп болмайтын адам жанындағы жұмбақ құбылыс! Қалай болғанда да кешкілік жұрт екі жарға бөлінді: бір тобы тойда, бір тобы жаназада. Ол үй өткен жолғы тойда адамдардың аз жиналғанына налып, «Елдің мұнысы несі?», – деп дағдарып қалған-ды. Бұл жолы қатты қапаланды. Адамдардың аз жиналғанына емес, осында келгендердің өзінің селқостығына, жасанды пейілдеріне ренжіді, содан тіксінді. Көңілі алып ұшып келген Нұралының көкесінің үлкен ағасы еш нәрсеге түсінбей, түсіндім-ау деген кезде іш құсалықтан көзіне жас алды. Таңқаларлығы сол, бұл үшін ол жұртты кінәлағысы келмеді. Арада екі күн өткен соң сабақ үстінде, Нұралы кенет солқылдап жылап жіберді. Бәріміз өре түрегелдік. Басқа басқа, Нұралы неге жылайды, оның тағдырдан тағы не

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38