БІЗ СОҒЫСТЫ КӨРГЕН ЖОҚПЫЗ

тілейтіні бар? Ол жыласа, өзгеміз не істейміз? Сейду оның қасына келді, не болғанын сұрады. Бірінші рет «Неге жылайсың?» – деген сұрақ қойды. Ол орнынан тұрып, көзінің жасын жеңімен сүртіп, мұрнын бір-екі тартып алды да. – Біздің үй… көшкелі жатыр,–деді. Бұл – күтпеген жауап, күтпеген сөз еді. Сейду «Неге?» – деп сұрай алмады, абдырап бар тапқаны: «Қайда?» – болды. «Білмейім, – деді ол кәдімгідей дауыс көтере жылап. –Алысқа. Менің… барғым келмейді…» Біз отырған-отырған жерімізде қимылсыз қалдық. Мектептің жабылатынын естігенде, жетінші кластың алты баласын әскерге алатын болғанда, біреудің әкесінен жаман хабар келгенде осылай үнсіз қалушы еді. Нұралының бұл сөзі де бізге солай әсер етті. Әкесі мен үш ағасы бірдей соғыстан аман келген балаға әкесіз баланың жаны ашитын тұсы боларын алғаш аңғардық. Он шақты шал жиналып барып Нұралының көкесіне тоқтау салып көрді. «Не болды, елден қашқаның не? Айыбымыз болса кешір. Не көрсек те бірге көрейік. Ақ қар, көк мұзда бала-шағаңның берекесін алма», – деді. Нұралының көкесі мен үлкен ағасы тыңдамады, екі інісін қалдырып, арбаға жүктерін тиеді. Жүк тиеліп болғанда Нұралы, «бармаймын» деп қиғылық сап, арбадан түсе қашты. Әкесі қуып жүріп ұстап әкеп, арбаға әрең дегенде отырғызды. Екі үйдің жүгін тиеген екі арба ауылдан бірте-бірте ұзай берді. Біз Нұралыға қол бұлғап тұрмыз, ол да құлақшынын бұлғап барады. Сәлден соң олар қыр асып, көзден ғайып болды. Шығарып салуға келген адамдар сонда ғана үйді-үйлеріне тарай бастады. – Әй, Орынша, қайтпайсың ба?–деді апам арба кеткен жақтан әлі көз алмай тұрған оған. Ол жауап бермеді. Аңшылықтың қызығын тамашалап тұрғандай арбаны жұтып қойған қарлы ақ адырға қадалып қатыпты да қалыпты. – Денің сау ма ей, не көріп тұрсың? – Денім сау, – деді ол жұлып алғандай. – Денім сау болмай не көрініпті! – Ол адырдан көзін алып бізге қарады. – Қазаны қайыспай көтерген ауылға қуаныш ауырлық қып көшіп барады. Аха-ха-ха-ха! – Оның кенет қатты күлгені сонша, қасында тұрған біз селт етіп, ұзап кетіп қалған адамдар кері бұрылып қарады. – Ой, ішегім-ай! Аха-ха-ха… Апам шошынайын деді. Оның қасына жайлап жақындады да, әлгіндегі өктемдеу дауыстан бірден жұмсақ үнге көшіп: – Орынша, мына күлкің не, жаным-ау, – деді оның жүзіне үреймен қарап. –Күлмейтін нәрсеге күлгенің қалай? Үйге жүр, ыстық шай ішейік. – Жоқ, ішпеймін, – деді ол күлкісін тыйып, басын шайқап. –Ыстық шайды қайтем. Аузым күйіп қалады. – Ол тағы күлді. Күлкісі мен көзқарасында уайымның, опыныстың, күйзелістің ізі де қалмапты. Соғыс бітіп, күйеуі төрт мүшесі түгел аман келген, бейуайым, бейқайғы адамның күлкісі. – О, қу құдай, – деді апам күбірлеп. Сөйтті де

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38