БІЗ СОҒЫСТЫ КӨРГЕН ЖОҚПЫЗ

отырғызылған. –Онысы несі? – Сейду наразылық білдірген болды. Балаларға көз қылып шошынғаны, әйтпесе ұлдарының бәрі сүндет көрген. –Жапсарбаев. –Ол да. –Ол-дасы несі? О да… нетілген бе? –Иә. –Бұларға не болған? Осындай ел аласапыран боп жатқан кезде… – Ол ашу шақырды. Класком Кемпірбек жауап беріп жатыр. –Мектеп көктемге дейін ашылмайды деп… алдыгүні нетіпті… Сейду жымиды. Бәріміз күлдік. Гүлжамал ғана күлген жоқ, ол ұялып төмен қарап отыр. Сейду бәрімізді тексеріп шықты да, басын көтерді. Сонда барып артқы партада отырған бөгде адамға көзі түсті. –Иә, сіз мұнда нағып отырсыз! –Мен әлгі… Жапсарбаевтың қарындасы едім,–деді. Бәріміз селк ете қалдық. Жылқышы Тоқпан шалдың ұлы мұнда неғып жүр деп басымыз қатып отырған. –Ей, мынау, қыз екен ғой,–деді абдырап қалған Сейду қызарып.– Мұнда неге келдің? –Жазылғанша орныма бара тұр деп ағам жіберді. —Бәріміз ду күлдік. Мұғалім де күлді. Соғыс басталмай тұрғанда осылай күлетінбіз. Бірақ ол кезде мүлде сәби едік, бірінші класта ғана болатынбыз. Бауда піскен өріктей күлкі деген шашылып-төгіліп жатқандықтан ба, әлде сәбиліктен бе, қадірін біле алмаушы ек. Шуағы аз, ызғары мол қыстың күніндей күлкі атаулы күрт кеміп, теріге төгілген бір мысқал сынаптай табан асты ғайып болған балалық шақ бізбен қайта табыспастай адасқан көрінеді. Майданда ысқырып ұшқан оқ ауылдағы балалық шақтың желкесінен қадалыпты. Күлуді ұмытып қалыппыз. Алаңсыз балалық дәурен «Мен мынадай едім ғой», –дегендей бір сәтке лап ете түсіп, лезде жоқ болды. Күлкінің айылы жиналып болар-болмаста-ақ, әркім өз ойымен болып кетті. Мен ішіне сабан тығылған өз бұзауының кепкен терісін тіріге балап жалап тұрған сары сиырды ойладым. Аласы мол бадана көздері мөлт-мөлт етеді. «Бір жерде қарға-құзғынға жем боп жатыр ма?». Кімді айтады? Әкемді ме? Бүкіл ауылдың айтуынша құлақ біткеннің құрышын қандырған менің әнші әкем, бошалап кеткен сары сиырды қайдан болса да тауып, бұзауын мойнына сап көтеріп келетін әкем, жұмыстан келе жатқанда алдынан құлдыраңдап шыққан Еркінай екеумізді екі қолына көтеріп еркелететін әкем, майданға кетіп бара жатып соңғы ақшасына «екі құлыным кисін» деп екі құндыз бөрік алатын әкем, бүкіл өмірі мен үмітін балалары мен жарына арнап, солардың асқар тауы болған әкем енді кеп… иесіз далада…. жападан-жалғыз… Жо-жоқ, мүмкін емес! Апам қандай қатал! Ойына қай-қайдағы түсетіні несі? Қарға-құзғын деген не ол? Адамның етін жейтін құстар ма? Сонда олар адамды ет деп қана санай ма? Демек, олар үшін мал мен адамның еш айырмасы болмағаны ғой? –Бөрібаева! Бөрібаева, саған не болды? – деген дауыстан селт ете қалдым. Мұғалімнің даусы. Бәріміз Гүлжамал отырған жаққа қарадық. Ол бетін басып жылап отыр екен. Көз жасын көріп мұғалім де сасқалақтап қалды. «Неге жылайсың?» –деп сұраған жоқ, ол

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38