ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

бері патшаға шарап құйып, тостағын оның ерніне тосып, тізесіне отырып масайрап жүрген Тсара көмекшіні кейін сүйреп тастап сөзге араласты. Тсара – адамдармен араласа бастаған бұл патшалықты құрту үшін жүрген жауыз әйел. Бірақ оның жауыздық әрекетінен бұл ел бейхабар. –Ол мыстан баяғы Алдар -көседен екіқабат болғаннан кейін бұл жалғанда ешкімді сүймеуге ант беерген, мәртебелі тақсыр»– деді Тсара патшаны желпи отырып. –Ә, есімде! Оның адамға ғашық болғанын коллективте талқылап едік қой. –Дәл солай, ұлы мәртебелім. Ол әйелді Жайхуан теңізіне, қазіргі Сырдарияға лақтырмақ болғанымызда, о, ұлы данышпаным, өзіңіз арашалап қалғансыз. Сөйтіп, есеп-карточкасына жазылатын қатаң сөгіс жариялап, жылдық сыйлықтан айырғансыз. –Неге мен оны аядым? –Ол кезде мыстан қыз екіқабат болатын. Алдар-көседей ақылды қудан ұрпақ өсірсек біз адамдарды оңай қолға түсіретін боламыз деп кеңес берген болатынсыз, о, ұлы көреген патшам! «Сіздің ұлылығыңызға өле -өлгенше бас иеміз», тақсыр!» деп патшаны қоршаған жұрт қоғадай жапырылып тағзым етіп жатқанда сырттан әлдеқалай бір ескі машинаның сықыры, темір шиқылы естілді. Тсара аңырып тың тыңдады. Сол кезде жартас қақпа жартылай ашылып, ішке мыстан кемпір мен Ермек кіріп келді. Ол екеуі қол ұстасып тас тақта отырған Тюльтанға жақындады да оның алдына кеп тізерлеп тәжім етті. Мыстан кемпір сөз бастады. –Алдыңызда Алдар елінің өкілі, аса ақылды, аса ержүрек, аса айлакер Ермек деген жас батыр тұр, ұлы мәртебелім! Ермек кеудесіне қолын қойып басын иді. Тюльтан орнынан тұрып, оны айнала қарап шықты. –Жақсы, жақсы! Сырт пішінің ұнайды. Менің мыстандарым мен сайтандарым қазір өтірік айтатынды шығарды, сондықтан, қолға түскен адамның өзімен сөйлесуге көштім, –деді ол баланың әр жерін шұқып көріп. –Қане, айтшы, мына мыстан сенімен неше күн айқасты, сен қалай жеңілдің? –Мен жеңілдім? Олай деп сізге кім айтты? –Үш күн дегенде әрең жеңдім, тақсыр! –деді мыстан Ермектен бұрн сөйлеуге тырысып. –Тоқта-ат! Өзі айтсын!–деп ақырды патша. –Ә-ә, иә.. ешқандай жаудан жеңілмеп едім, сіздің мыстаныңыз айлакер екен. Менің аяқ- қолымды байлап осында алып келді, – деді Ермек мыстан екеуінің манағы сөйлескен сөзі есіне түсіп. –Жарайсың, мыстаным! –деді Тюльтан кемпірді арқасынан қағып. ––––Жарайсың! Тсара патшаның құлағына сыбырлады. –Ұлы әміршім, бұлар өтірік айтып тұр. Мынаның үстіндегі сауыт судай жаңа, –деді ол Ермектің сауытына шұқшиып. –Неге? –Негесі қалай? Жаңа сатып алынған! Үш күн соғысқан адамның сауыты осылай жаңа боп тұра ма екен? Ол Ермекке жақындап, баланы тағы бір айналып шықты. Бағана, үстіне киіп көрген кезде екеуі де байқамапты, сауыыттың етек жағында этикеткасы әлі салбырап тұр екен. Мыстан кемпір мұны қайдан алды –дүкеннен бе, әлде біреудің қоржынынан ба, Ермектің ойына мұндай нәрсе кірмеген де еді. –Міне, этикеткасы да алынбаған, су жаңа сауыт,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36