–деді Тсара алақандай картонға үңіліп. –«АлмаАтабытчермет» комбинаты деп жазылыпты. Патша қаһарына мініп, айғайдың астына алды. –Ах, ах! Оңбаған! Найсап! Кәрі қақпас!.. –Сіз менің арыма тимей сөйлеңіз, ұлы мәртебелім, –деді мыстан патшаның масаң жүзіне қаймықпай қарап.– Алдар көсенің елінде «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген жақсы мақал бар. Намысымды қорлаған соң тілім шықса оған мен кінәлі емеспін! –Мұндай суайтты баяғыда құрту керек еді! Адамзатпен жүріп екіқабат болған найсап, кәрі мыстан! –Тоқтатыңыз арға тиюді! Мен қанша мыстан болсам да затым әйел! Әйелді сыйласаңыз етті. Тюльтан басын шайқап, оған тесіле қарап қалды. –Ал, сыйладым басыңды, –деді ол селкілдей күліп. –Мынаның… басы иығына жөндеп орналаспапты. Қазір ала тұрыңдар, кейін қайта саларсыңдар. Ха- ха- ха! Жендеттер мыстан кемпірді ала жөнелді. –Дат, тақсыр! –деп осы кезде сөзге Ермек арласты. –Даудың басы –менің сауытым болса, оның жаңа екені рас. Ширпотребтен бүгін алдық. Сіздің патшалыққа келе жатқан соң құр қол келмей осы сауытты өзіңізге сыйға тартқалы ала келіп едім. Су жаңа этикеткасы әлі жұлынған жоқ. Ол сауытын шешіп, Тюльтан -99-ға сыйға тартып еді, патша оған жас баладай мәз боп қатты қуанды. Ермек сауытты патшаның иығына жапты. Тюлбтан оның екі жеңін сұғынып киіп көріп еді оның екі қолы ұшатын құстай керілді де қалды. –Ой, қандай ғажап! Маған жараса ма? -деді ол Тсараға қарап. Зымиян Тсара қасақана оны кекетіп: –Керемет! Сізге құйып қойғандай шақ екен, –деді күліп. –Өкімет бағасымен қанша тұрады? –Бағасы… бұрынғы бағасы 99 сом елу тиын, комиссионный бағасы 93 сом жетпіс тиын. –Бұл –кеудешесі. Шалбарының бұрынғы бағасы 85 сом, 60 тиын, кейінгі бағасы 59 сом 40 тиын. Найза –47 сом, қалқан – 56 сом 20 тиын. Бәрін қоқанда 226 сом 30 тиын. Патшаның көзі алақандай боп отырып қалды. Оның төңірегіндегілер таң- тамаша боп, шектерін тартты. Бұл елде мұншалықты көп сан емес, бесті беске қосудың өзі жоғары математика боп есептелетін. –Керемет! Ғажап! Осынша сандарды тез арада қоса салды! – Ғажап! –деді төңіректеп тұрғандар таңтамаша қап. Арамза Тсара тағы килікті. –Мүмкін емес! Бұрын жаттап алған! –деді ол айғайлап. Жұрт гуілдеп кетті. –Немене, әлгіге таңқалып тұрсыздар ма? –деді Ермек –Фу-у, біз ондай қосу алуды бірінші класта-ақ үйренгенбіз. –Бірінші класта? Бірінші класта! Қызық! Ал, тағы қосшы. –Өзіңіз бір сан айтыңыз. –Бес қосу бес. –Сол да сөз боп па? Он болады да. –Алты қосу төрт, –деді бір мүйізді жын енді қайтер екенсің дегендей қарқ- қарқ күліп. –Ол да он. Жындар бір- біріне қарап таңдайларын қақты. У-шудан оянып, қатарға кеп тұрған көмекші: –Мен оған қазір ең қиын есеп берейін, –деді қойын дәптеріне
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36