ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

қарап. –Өзім де көптен қоса алмай жүр едім. –Жиырма бір қосу қырық жеті. –Алпыс сегіз!–деді Ермек ойланбаған бойы. Көмекшінің көзі алақтап жан-жағына қарады. –Мынау ұлы математик! –деді ол қолын аспанға шошайтып. –Ой, сіздер қиындау сұрақ қойыңыздар. Мәселен: алу, көбейту, бөлу деген сияқты, –деді Ермек енді біршама еркінсіп. –Ә-ә, таптым! –деді көмекші қулана күліп. –Үшті үшке көбейткенде қанша болады? Ал айта қойшы қане! –Бұл да сөз боп па екен, тоғыз болады. –Феномен! –деді патша жағасын ұстап. –Феномен! –деп қостады оны Тсара да қосарлана айғайлап. Ермек енді өзін мүлде еркін ұстай бастады. –Сіздердің айтып тұрған есептеріңіз түк емес, –деді ол. –Қиындауын айтыңыздар. Мәселен сіз, –деп ол көмекшіге қарады. –Бір сан ойлаңыз. –Ал ойладым, –деді көмекші әлденеден үрейленіп. –Қорықпаңыз, еркін айта беріңіз. Енді сол санды өзіне -өзін қосыңыз. –Қостым делік… –Жарайсыз. Оны екіге көбейтіңіз. –Ой, қандай қиын!.. Менің тіпті басым айналып кетті. –Ойлан ! –деді Тюльтан ақырып. –Құп болады, тақсыр, ойландым. Көбейтіп те қойдым. Ары қарай не істеймін? –Оны бастапқы саныңызға бөліңіз. –Не деген қиын еді!.. Иә… ал, бөлдім. –Қаншадан тигенін айтып берейін бе? Бәрі жамырап: Иә, айтшы! Айтшы қане! –деп анталағанда Ермек аяқ астында тапталып қала жаздады. –Төрттен тиеді, –деді Ермек өзін жаншып кеткелі тұрған бір мүйізді сайтанды кеудесінен итеріп. –Дұрыс! Дұрыс!.. Ғажап! –деп көмекші таңқалғаннан есінен танып құлап түсті. Оны жұрт тағы да сыртқа қарай сүйрелей жөнелгенде патшаның қызы Мугара Ермекке жақындады. –Сіз ұлы математиксіз, –деді ол ұяла күлімсіреп. –Құттықтаймын! Ермек оның сүйріктей саусақтарын ықыластана қысты. –Патшалығымызға келген ұлы математик үшін кеселерге шарап құйылсын! –деді Тюльтан жарияға жар салып. Сөйтті де өзі елден бұрын тостағын қағып салды. Шарабын ішіп болып, патша «уф- ф!» деп демін терең бір алды да Ермекке: –Ал, осындай өнерің үшін не қалайсың! –деді. Бәрін орындаймын!.. –Мені осында алып келген кемпірді ажалдан құтқарсаңыз болғаны, деді Ермек. –Бар болғаны сол ма? –Ия, сол! –Ей, әлгі мыстанды өлтірмеңдер! –Патша жендеттерге айғай салды. –Біз оның басын алып қойдық! –деді жендеттер шуылдап. –Оның басы қайда? Тас қақпа жақтан: «Міне, мында жатыр екен» деген қомақты да зор дауыс естілді. –Тсара! Басын орнына қой! –деп әмір етті Тюльтан. Бұл кезде Тсара да шарап утына елітіп мас боп отыр еді. –Ерініп отырмын, тақсыр! Шараптан көп ішіп қойыппын, –деп ол есіней жауап берді. –Ұлы математиктің тілегін орындау керек! Бол, тез!.. деді әмірші ақырып. Тсара самарқау көтеріліп, қақпа жаққа қарай жүрді. –Жарайды, әкеліңдер! –деді ол есінеп қойып. Жендеттер мыстан кемпірдің кеудесі мен басын әкеліп Тсараның алдына дүңк- дүңк еткізіп тастай -тастай салды. Тсара масаң күйде әлдене деп

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36